Ертең – мұсылман жұртшылығы үшін мүбәрак Айт мерекесі. Осыған орай еліміздің барлық аймағындағы мешіттерде һәм әрбір мұсылманның шаңырағында айт мерекесіне әзірлік жасалуда.
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: «Ораза айт құтты болсын!»
Қадірлі отандастар, құрметті бауырлар! Айлардың сұлтаны әрі күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айы да аяқталды. Барша мұсылман қауым маусымның аптабы мен шілденің шіліңгіріне мойымастан оразасын ұстап, қасиетті айды құлшылықпен өткізді. Алланың мейірім-шапағатынан үміт етіп, ауыз бекіткен мұсылман үмметін пайғамбар сүйіншілеген мол сауаптар мен жақсылықтар күтеді.
Хатым өткен қариларға құрмет көрсетілді (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде қариларға ауызашар берілді. Айта кетейік, оразаның отыз күнінде Түркия елінің 11 қариы мен өз еліміздің қарилары Құран хатым етті.
«Әлжан ана» мешіті госпиталь ұжымына ауызашар жасады (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы биылғы Рамазан үндеуінде халықты ораза айында сауапты істерге жұмылып, қайырымдылық шараларын жиі өткізуге шақырған еді. Осы орайда ҚМДБ-ның Астанадағы өкілдігінің ұйытқы болуымен, наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елорда ендігінде түрлі әлеуметтік ортада ауызашарлар беріліп, мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетіліп келеді.
Осындай сауапты істің кезегі «Әлжан ана» мешітінің ұйымдастыруымен елордадағы Ұлы отан соғысы ардагерлеріне арналған орталық клиникалық госпитальда өткізіліп, ауызашар жасалды. Госпиталь ұжымымен "Әлжан ана" мешітінің бас имамы Ермек Мұқатай мен "Нұр Астана" орталық мешітінің наиб имамы Жандос Айтбай кездесіп, ғибратты отырыс өтті.
Мысырлық маманды шығарып салды (ФОТО)
Мұсылман елдерімен Ислам білімі мен ғылымы саласында әріптестік қарым-қатынасты нығайту өзара білікті мамандармен алмасу арқылы жылдармен жинақталатын тәжірибе. Осы мақсатта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ислам білімі бойынша Мысырдағы «Әл-Әзһар», Түркия республикасындағы «Хассеки» сынды ислам институттарымен тығыз байланыс орнатып келеді.
Балаларға ауызашар берілді(ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жыл сайын қасиетті Рамазан айы қарсаңында қайырымдылық пен ізгілік істерін жиірек өткізу туралы бастама көтеріп, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы барша ел азаматтарын жақсылыққа жұмыла атсалысуға шақырып келеді. Осы орайда биылғы оразаның отыз күнінде республика көлемінде жер-жерде, ауыл-аймақта әртүрлі мекемелерде мешіттердің ұйымдастыруымен ауызашар кештері, қайырымдылық шаралары өткізіліп отыр.
Науқас жандарға ауызашар жасалды (ФОТО)
Кеше «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы емханасында 100-ге жуық адамға арналған ауызашар өткізілді.
«Әс-Сәлам» мешіті мұқтаж жандарға демеу болуда (ФОТО)
Қасиетті айдағы қайырымдылық істері Астана мешіттерінде жалғасын табуда. Елорда іргесіндегі «әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Нұрбол Әбсаттарұлының бастамасымен Теміржолшылар кентіндегі тұрмыс-ахуалы төмен және көпбалалы отбасыларға азық-түлік таратылды.
Тағылымды ауызашар өтті (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астанадағы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті сауат ашу курсына қатысқан шәкірттерге ауызашар дастарханын жайды. Ораза кешінде күні бүгінге дейін мешітте өткізілген Құран сабақтары мен шәкірттердің білім жолындағы ізденіс сәттерінен көрініс беретін бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды.
Наиб мүфти ұлт зиялыларына ауызашар берді (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Астанадағы қоғам қайраткерлері мен зиялы қауымға, БАҚ өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлерге арнап ауызашар берді. Бұл қатарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов, Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, академик, профессор, философия ғылымының докторы Ғарифолла Есім, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Орынбай Рахманбердиев, Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы сынды ұлт зиялылары қатысып, жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді.
«Әс-Сәлам» мешіті қайырымдылық шарасын өткізуде
Рамазан рақымдылық пен сауаптардың еселеніп жазылатын айы болғандықтан бұл айда жасалған қайырымдылықтардың қайтарымы да қарымды.