01
Жұма,
Қараша

һижри

Алматыда «Нұр-Мүбәрак» университетінде «Діни білім тұтастығы – діни тұрақтылық кепілі» атты республикалық тәжірибелік конференция өтеді.

Қайырымдылық – көршісі ашқұрсақ отырып, өз түндігінен қазан көтермейтін қазақ халқының  болмысына біткен қасиет. Бүгінгі заман көшінде тұрмыс тауқыметін көріп, көңілі жүдеген жан болса қоңсылас көрші мен алыс-жақын ағайыннан, қала берді мешіттен бір мейірім күтетіні жасырын емес.

Бүгін Астана іргесіндегі Пригородный кентінде орналасқан «Әлжан ана» мешітіне ҚМДБ бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен бас имам тағайындалды.

Бүгін «Зайырлы қоғам: мемлекеттік конфессиялық қатынастар» атты екікүндік семинардың қорытынды жиыны өтті. Соңғы семинар сабағында ҚМДБ-ның шариғат және пәтуә бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істер комитетінің «Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар» басқармасының бас сарапшысы Нұрғали Қабылов баяндама жасады.

Қазақ ұлтын Абайдай алып тұлға атымен әлемге әйгілі еткен халық жазушысы Мұхтар Әуезов «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп, әйел мен әлемнің үндестігіне дәл анықтама беріп кетті. Адамзат қоғамының өркениетті болып қалыптасуында әйел қауымының міндеті мен жауапкершілігі, сонысымен қоса қадір-қасиеті де ерекше. Дана қазақ «Алып анадан туады» десе, асыл дін тәмсілінде «Жұмақ – аналардың табанының астында» деп көрсетеді.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Сматаев Ибрагим Келдібайұлы «Нұр Астана» орталық мешітінің іс басқарушысы қызметіне тағайындалды. ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы бүгінгі жұма намазы уақытында жаңа қызметкерді жамағатқа таныстырып, бас мүфтидің бұйрығын оқып берді.

Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы ел мұсылмандарының діни саладағы бағыты мен бағдарын айқындайтын негізгі құжаты. Мән-мазмұны зор құжатты халыққа насихаттап, өскелең буын – жастардың санасына сіңіру  қашан да маңызды іс.

Қазақ елі тәуелсіздігіне қол жеткізген уақыттан бері халықтың өшкені жанып, қос қазынасы қайта оралды. Ата діні мен баба салтына бекем ел руханияты өз тұғырына қонып, қуанышы молайды. Жер-жерде менмұндалаған күмбезді мешіттер саны артып, құбылаға жүз бұрған иманды жан көбейді.

Алаштың ардақты азаматы Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Әуелі, газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек... Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтанып тұрады» деп, бүгінгі баспасөз құралының қоғамдағы орнын көрсетіп кетті.

Жадымызда болса, 19-ақпан күні елордада ҚМДБ-ның ұйытқы болуымен «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты І имамдар форумы өткен-ді. Форумда мынадай мәні мен маңызы зор төрт құжат қабылданды: «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті».

Елорда мектептерінде қала әкімдігі Жастар ісі бөлімі мен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы «Жас Отан» жастар қанатының бірлесуімен экстремизмге қарсы игі бастама қолға алынды.