ҚМДБ-ның Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Құрбан айт мейрамы елордалық тұрғындар мен қала қонақтары үшін сән-салтанатымен аталып, бұқаралық сипатта кең көлемді өткізілді. Бұл мейрам мәдени-спорттық шаралармен қатар қайырымдылық жұмысымен де елдің есінде қалды.
Айт мейрамындағы дүбірлі жарыс (ФОТО)
Халықтың ең ұлық мерекелерінің бірі Құрбан айт ел ішіндегі бауырластық пен ауызбірлікті арттыра түседі. Шамасы жеткен әрбір иманды жан бұл күндері құрбанын шалып, айт қуанышын ағайын-бауыр, жақындарымен бөліседі. Бір сөзбен айтқанда, Құрбан айт – ағайынның арасын жақындатып, татулығын арттыратын мұсылмандық мереке.
Қайырымдылық акциясы жалғасуда (ФОТО)
Астана қаласының мешіттері жылдағы үрдіс бойынша биылғы ұлық мереке күндер ішінде «Раббың үшін құрбан шал!» қайырымдылық акциясын өткізуде. Аталған қайырымдылық шара айттың алғашқы күні қала іргесіндегі «Алтын таға» мал базарында ұйымдастырылды.
Астана жұрты Құрбан айтын тойлауда (ФОТО)
Елорданың айшықты құлшылық орны «Нұр Астана» орталық мешітінде Астана уақытымен сағат 7:45-де айт намазы оқылды. Мүбәрак мерекедегі мінәжатқа жиылған халықтың санында есеп болмады.
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ наиб мүфтиі: «Құрбан айт – бұқараны біріктірген ерекше мейрам»
Иісі мұсылман қауымы үшін қадірлі мереке – Құрбан айты да келді. Қазақ жұрты да осынау мерекені қуана күтуде. Дін мен ділдің тамырын тарихпен сабақтастырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы соңғы жылдары екі айт мерекесін – Ораза және Құрбан айт күндерін ерекше екпінмен, ұлттық әрін кіргізе атап өтіп келеді. Ертеден салтына сіңген мүбәрак мейраммен қауышқан халық бұл үрдісті жылы қабыл алды. Мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін күннің қадір-қасиеті мен мән-маңызы туралы ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлынан сұрап білген едік...
Құрбан айт мерекесінде өткізілер шаралар аңдатпасы
НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?
Нұр Астана мешіті толықтай жаңартылды (ФОТО)
Құрбан айт мейрамы қарсаңында «Нұр Астана» орталық мешітінің іші-сырты толықтай күрделі жөндеуден өткізіліп, мерекеге толықтай әзірлік жасалды. Дәлірек айтқанда, ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ауыз толтырып айтар біршама жұмыстар атқарылды.
Қасапшыларға арналған семинар-тренинг
Санаулы күндерден кейін мұсылман қауымының шаттана тойлар ұлық мерекесі - Құрбан айт мейрамы басталмақ. Бір қуанарлығы, жыл өткен сайын елімізде аталған мұсылмандық мейрамның қадір-қасиетін түсініп, құрбан шалуға ниет білдірушілердің қатары едәуір артып келеді. Елорда тұрғындарының құрбан шалуларына жағдай жасау мақсатында ҚМДБ-ның Астана қаласындағы өкілдігі қала әкімшілігімен бірлесіп, шахар маңдарынан арнайы орындар белгілеп, халыққа қызмет көрсететін қасапшыларды тіркеуден өткізді.
Құрбан айт үнпарағы таратылды
Ұлық мереке – Құрбан айт мейрамы күн санап жақындап келеді. Қасиетті Құрбан айт мерекесінің ең ұлық ғибадаты ол – құрбандық шалу. Әрбір шамасы жеткен мұсылман баласы құрбандық шалып, Алла алдындағы міндетін іске асырады. Ең басты құрбан шалатын кісі құрбандықтың шариғаттағы үкімін жақсы білгені дұрыс болады.
Осы мақсатта «Нұр Астана» орталық мешіті құрбандық шалу рәсіміне қатысты қазақ және орыс тілдерінде 10 000 дана түсіндірме-ақпараттық үнпарағы шығарылып, жұма күніне келген халыққа таратылды. Осындай іс-шаралар қала мешіттерінде де жалғасын тапты.
Айта кетейік, аталған үнпарақта құрбан шалудың шариғи үкімдері, Астана мешіттерінің атсалысуымен өтетін «Раббың үшін Құрбан шал!» қайырымдылық шарасы және құрбан шалушылар үшін Астана қаласы әкімдігі бекіткен арнайы мал сойылатын орындар мен мекенжайлар қамтылған.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
Сенбіліктегі серпіліс
Ислам – тазалыққа құрылған дін. Мұсылман баласының жан-дүниесі мен тәнін таза ұстағаны секілді өзі тұратын жерді де ұқыпты ұстауы үлгілі істің көрінісі болып табылады. Бүгінгі жүргізілген шара осыны айғақтайды.
Астана қаласында қасапшыларға семинар өтеді
«РАББЫҢ ҮШІН ҚҰРБАН ШАЛ!»
акциясына қатысуға шақырамыз!
Құрметті жамағат! Қасиетті Құрбан айт мерекесінің ең ұлық ғибадаты – құрбандық шалу. Астана мешіттері жылдағы дәстүр бойынша «Раббың үшін Құрбан шал!» қайырымдылық акциясын өткізеді. Айттың басталуына санаулы күндер ғана қалды. Сондықтан құрбандық шалуға мүмкіндігі бар барша жамағатты шараға қатысуға шақырамыз! Акция аясында сойылған құрбандық еттерін тиісті мұқтаж жандарға таратылатын болады.
Құрбан шалатын орындар
Астана қаласы әкімдігі құрбандық шалатын арнайы 8 орын әзірлеп отыр. Баршаңызды осы орындарда құрбандық шалуға шақырамыз.
1. «Алтын Таға» мал базары Астана-Қосшы тас жолында,
2. «Пищекомбинат-Астаналык плюс» ЖШС М.Дулатов көшесі, 191;
3. «Нурбереке 555», Алаш тас жолы, 30 «Көк» базар маңында;
4. «Метро» сауда үйінің маңы «Астана-Қарағанды» тас жолы 4/1;
5. «Шаушен» шаруа қожалығы, «Астана-Софиевка» тас жолы 9 шақырым;
6. «Темеш» шаруа қожалығы, «Астана-Софиевка» тас жолы 7 км;
7. «Жайлау» шаруа қожалығы, «Алаш» тас жолы, «Алаш» базарының маңы;
8. «Мақсат 2007» ЖШС, Теміржолшылар тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.
ҚАСАПШЫЛАР ҚАЖЕТ
Астана қаласы әкімдігі құрбандық шалатын арнайы әзірленген 8 орында құрбандық шалатын кәсіби қасаптар қажет. Осыған орай, құрбан айт күндері қасапшылық қызметін атқарамын деушілерді тіркеу жүргізілуде. Қасапшыларды мешіт имамдарына жолығуларын сұраймыз. Сонымен қатар қасапшыларға арнайы түсіндіру семинары ұйымдастырылып, арнайы рұқсат қағаздар беріледі. Семинар 20 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткізіледі.