01
Жұма,
Қараша

һижри

Ислам және ғылым: Осман медреселері

Ислам және ғылым: Осман медреселері

Дін және ғылым
Жарнама

Осман мемлекеті заманында медреселер бағдарлама және архитектуралық тұрғыдан дамып, қалалардың архитектурасында маңызды рөлі болды. Фатих Сұлтан Мехмет алғаннан кейін мемлекеттің астанасы және ғылыми орталыққа айналған Стамбулда падишалар, уәзірлер, ғылым адамдары, кейбір сарай қызметшілері көптеген медресе салдырды. Осман кезеңінде медреселерден басқа жерлерде де әртүрлі дәрежеде оқуағарту ісі жүргізілді. Бұлардың бірі әскери-әкімшілік қызметкерлер дайындайтын Эндерун мектебі.

Эндерун мектебі: Осман мемлекетінде ХV ғ. екінші жартысынан ең маңызды медреселерден тыс оқу орны. Әскери және әкімшілік мамандар дайындау үшін құрылған. Негізгі мақсаты әскери мемлекет болып табылатын Осман халифатына әскербасылар, өлкедегі әртүрлі мәдениетке, дінге, тілге ие халықтарды басқаратын кәсіби мамандар, сарай қызметкерлерін дайындау І Мұрад немесе Фатих заманында құрылғаны айтылады. Бұл жерге шәкірттер девширме (сарайда және әскерде қызмет ету үшін христиандардан балалар жинау) алынып, 7-8 жыл оқытылатын. Эндерун мектебінде кейде Стамбулға аманат етіп әкелінген басқа мемлекет әміршілерінің балалары да оқытылатын. Бұл жерді оқып бітірген соң қабілеттеріне қарай сарайда немесе әскери қызметтерге тағайындалатын.

Эндерун мектебінде оқытылатын сабақтар: Түрік тілі, араб тілі, парсы тілі, математика, әдебиет, тарих.

Діни сабақтар: Құран, хадис, тәпсір, фиқһ.

Дене тәрбиесі сабақтары: Садақ ату, атқа міну, найза лақтыру.

Өнер сабақтары: Музыка, каллиграфия, поэзия, сурет салу еді60.

Медреселер: Осман мемлекеті ғалымдарға және ғылымға өте маңыз берген, олардың әлеуметтік жағдайын жасап отырған. Осман өлкесінде математика мен астрономияның дамуына себеп болған Мәуреннахрдан келген Әли Құсшы алғашқы математика мектебін ашқан. ХVI ғ. екінші жартысында (1575) Стамбулда алғашқы обсерватория ашылған.

Құран кәрімде Алла тағала жұлдыздардың адамдарға жол көрсетуші екенін айтқан. Осыған байланысты ІХ ғасырдан бастап жұлдыздарға қарап отырып құбыланы белгілеу, оразаның басталуы мен бітуін, намаз уақыттарын белгілеумен айналысқан. Бұлардың барлығы мұсылмандардың астрономия, математика ғылымдарымен шұғылдануына себеп болып, обсерваторияларда жүргізілді.

Илмия ұйымы: Осман мемлекетіндегі әскери, қаламиямен (бюрократия) бірге негізгі үш ұйымның бірі. Шейхул-Ислам, Нақибул-Ашраф, Қазаскер, қазы, Мударрис сияқты ғалымдар қоғамының жалпы аты. Кеңірек айтсақ, Осман Илмия ұйымы медреселерді бітіріп, диплом алған соң оқу-ағарту, құқық, пәтуа және басқа да басты діни қызметтерге тағайындалған мұсылмандардан тұратын ұйым. Бұл ұйымның мемлекеттің дамуында өте маңызды орны бар.

Шейхул-Ислам: Осман Илмия ұйымының ең жоғарғы атағы. Бұл атақ Осман мемлекетінен бұрында бар, бірақ ресми түрде бекітілмеген еді. Фатих Кануннамесінде ғұламалар басы деп танылған Шейхул-Исламның алғашқысы ІІ Мұрад заманында тағайындалған Молла Фенари (1424-1431). Қазіргі кездегі әділет және білім министрлігі мен діни басқарма қызметін атқаратын. Падиша өзі тағайындаса да, әкімшіліктің жөнсіздік көрсеткен тұстарында Шейхулисламдардан аяғын тартатын. Өйткені Шейхул-Ислам падишаның тақтан тайдырылуына пәтуа бере алатын еді.

Қазәскер: Илмия ұйымының ең жоғарғы мәртебелерінің бірі. Сөздікте әскер қазысы мағынасында. Байырғы заманнан келе жатқан бұл атақ Аббаситтерде, Хорезмшахтарда, Мәмлүктерде тіпті Қарамандарда да бар еді. Османдарда Қазәскерлік І Мұрад дәуірінде Чандарлы Қара Халил Хайриддин пашаның тағайындалуымен басталды. Қазәскерлердің міндеті тек қана әскери салада емес, барлық құқықтық істерді қарайтын және әртүрлі дәрежедегі қазыларды тағайындау да солардың міндеті еді.

Мударрис: қазіргі кездегі профессор мағынасында қолданылған мударрис сөзі Х ғасырдан бастап Ислам әлемінде кең тараған. Илмия және басқа ұйымдардың дамуында маңызды рөл ойнаған медреселер мен мударристер Осман дәуірінің соңына дейін өмір сүрді. Мударрис атағы республикаға жарияланған соң Дәрулфунундар университет, ал, мударристер профессор деп аталған соң жойылды. Осман мемлекетінде алғашқы медресе Орхан Ғази заманында 731/1330-жылы Изникте ашылды.

Алғашқы кездегі медреселер ішіндегі ең маңыздылары Изник, Бурса, Эдирне медереселері еді. Кейінірек мамандар дайындайтын арнаулы медреселер ашылып, олар екіге бөлінді.

1. Фатих медреселері: Фатих жамиінің оңтүстік және солтүстігінде орналасқан сегіз медресе Сахны Сәман немесе Мударрисус-Сәмания деп аталған. Бұл университет еді. Кейінірек бұл жоғарғы оқу орнына шәкірттер дайындау үшін орта мектеп дәрежесінде Мусылаи сахна немесе Тәтимма деп аталған сегіз медресе ашылған.

2. Сулеймания медреселері: 1549-1556 жж. арасында салынған Сулеймания медреселері діни және жаратылыстану ғылымдары оқытылатын университеттер еді. Бұл медреслер Сахны Сулеймания деп те аталған.

материал «Ислам және ғылым» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: