Ақида ілімінің бірінші әрі ең маңызды қайнар көзі – Құран кәрім. Өйткені, Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақыретке, жазмыш пен озмышқа сенім мен басқа да тақырыптар осы Құранда баяндалған.
Екінші қайнар көзі – Мұхаммед пайғамбардан (с.ғ.с) риуаят етілген мутауатир хадистер. Онда да иман, таухид, жұмақ пен тозақ, тағдыр мен қиямет секілді тақырыптар қамтылған. Құран аяттары мен мутауатир хадистер – ақиданың негізгі қайнар көздері.
Нақты және дәйекті болған өзге ілімдер де қайнар көздер қатарына жатады.
материал «Ислам ақидасы» кітабынан алынды,
ummet.kz