01
Жұма,
Қараша

һижри

Ихсан – Алланы көріп тұр­ғандай оған кұлшылық ету

Ихсан – Алланы көріп тұр­ғандай оған кұлшылық ету

Ақида
Жарнама

Бірде Жәбірейіл періште саха­баларымен отырған Пайғам­бары­мызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ақ киім киген жо­лаушы кейпінде келіп, көпші­ліктің көзінше былай дегенін хазіреті Омар (Алла оған разы бол­сын) баяндайды:

«Уа, Мұхаммед! Ислам дегеніміз не?» деп сұрайды. Ар­дақты Пайғамбарымыз (оған Алла­ның салауаты мен сәлемі болсын):

– Ислам – Алладан басқа Құ­дайдың жоқ екеніне, Мұхаммед оның құлы әрі елшісі екеніне куә­лік ету. Намаз оқу, зекет беру, Рама­зан айында ораза ұстау, шамасы келсе қажылыққа бару деп жауап береді. Әлгі кісі мұны естігенде:

– Рас айтасың, – деді.

Біз оның өзі сұрап әрі жауабын өзі растағанына таңғалдық. Мұнан соң әлгі кісі:

– Иман дегеніміз не? – деп сұ­рағын жалғастырды. Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың са­лауаты мен сәлемі болсын):

– Аллаға, оның періштелері мен кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне, тағдырдың жақсысы мен жаманына сену, – деді. Жолаушы тағы да:

– Рас айтасың, енді ихсан де­ген не? – деді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сә­лемі болсын):

– Ихсан – Алланы көріп тұр­ғаныңдай оған кұлшылық етуің. Себебі сен оны көрмесең де, шү­бә­сіз, ол сені көруде.

– Қиямет қашан болады? – деді. Пайғамбарымыз (оған Алла­ның салауаты мен сәлемі болсын):

– Сұралған адам сұраушыдан артық білмейді, – деп еді, сонда әлгі кісі:

– Күңнен қожайын туады. Сен жалаңаяқ кедейлердің биік үйлер салғанын көресің, – деп ақырет күнінің белгілерін айтып берді.

Жолаушы кеткеннен кейін аз уақыт өткен соң Пайғамбарымыз:

– Уа, Омар! Сен әлгі кісінің кім екенін білесің бе?», – деді. Мен:

– Алла және оның елшісі біледі, – деп жауап бердім. Пайғам­барымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Шын мәнін­де ол сендерге діндеріңді үйретуге келген Жәбірейіл періште бола­тын», – деп мәселенің мән-жайын түсіндірген еді.

Бұл хадис өте құнды дүниелерді бізге баяндайды. Иман, құлшылық және ихсан мәселесіне тоқталып өтеді. Ихсан – Алла сені бақылап тұрғанын, сен қай уақытта болсын Оның назарында тұратыныңды бір сәт естен шығармау екен.

Міне, иман мен құлшылықтың ләззатын сезіну үшін әуелі адам бойынан ихсан көрініс беруі керек. Өйткені ихсан – иман мен құл­шылықты байланыстырып, ішкі жан дүниені тәрбиелейтін, байы­татын рухани ілім.

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: