01
Жұма,
Қараша

һижри

Тауаптың дұрыс орындалуының шарттары

Қажылық

Тауаптың дұрыс орындалуының шарттары

 

  1. Ниет.

Ниет – істелетін амалдың жүрекпен бекітіліп белгіленуі. Ниетті тілмен айту – мұстахап. Ниетсіз жасалған тауап дұрыс емес. Ниетте жасалайын деп жатқан тауаптың түрін белгілеу шарт емес. Жалпы ғибадат ниетімен тауап жасауды ниет етсе жеткілікті. Умра тауабы үшін былай ниет етіледі: «Аллаһумма инни уриду тауафа байтикал-харам, уа иассирһу ли уа тақаббалһу минни саб’ата ашуатин тауафа ‘умрати лилләһи Тағала ’азза уа жәлла» Қазақша мағынасы: «Аллам, мен сенің ризалығың үшін Қағбаны жеті рет айналу арқылы умра тауабын жасауды ниет еттім. Оны маған жеңілдет және менен қабыл ал».

 Қажылық тауабы үшін «тауафа ‘умрати» деудің орнына «тауафал-хаж» делінеді. Ниетті арабша айту шарт емес.

  1. Тауапты Харам Мешітінің ішінде жасау.

 Адам тығыз болмаса да Мәсжидул-Харамның ішінде Қағба мен өзінің арасында дуал болмау шартымен Қағбадан алыстау жерде тауап жасауға болады. Бірақ Мәсжидул- Харам мешітінің сыртынан жасауға болмайды.

  1. Жеті айналымның кем дегенде төртеуін жасау.

 Қалған үшеуін жасау уәжіп болғандықтан, жасалмай қалған жағдайда да тауабы дұрыс деп есептеледі. Бірақ жасалмаған әр айналым үшін арнайы жазасы бар. Бұл парыз және уәжіп тауаптарға ғана байланысты. Ал сүннет және нәпіл тауаптарда қанша аз жасалса да жаза керек емес.

  1. Парыз және уәжіп тауаптардың әрқайсысын арнайы белгіленген уақытында жасау.

Ummet.kz

Бөлісу: