- Мұсылман болу. Қажылық ғибадатының парыздығының әрі орындалуының дұрыстығының шарты.
- Арнайы жерлер: Арафат және Қағба.
- Арнайы уақыт. Зиярат тауабының уақыты – құрбан айт таңынан бастап, өмірінің соңына дейін. Бірақ зиярат тауабын құрбан айттың алғашқы үш күнінде орындау уәжіп болғандықтан, кімде-кім бұл уақыттан кешіктірсе, қажылығының дұрыс болуы үшін құрбан шалуға міндетті. Ал Арафат тауында тұрудың уақыты – Арафа күні түс ауғаннан кейін құрбан айт күні таң намазының уақыты кіргенге дейінгі уақыт.
- Ихрам. Қажылық немесе умра яки екеуін бірге жасау ниетімен, басқа уақытта халал болған кейбір істерді, қажылық немесе умра уақытында кісінің өзіне харам қылуы.
Бөлісу: