01
Жұма,
Қараша

һижри

Қажылық ғибадатының үкімі

Қажылық

Қажылық ғибадаты шамасы жеткен әрбір адамға өмірінде бір рет парыз.

 Қажылықтың парыздығының дәлелдері Құранға, сүннетке, ижмағқа негізделген:

  1. Құран «Ол жерге баруға шамасы жеткен барлық адамға Аллаһ үшін Қағбаны зиярат етіп, қажылық жасау парыз» (Әли Имран97). «Қажылықты және умраны Алла үшін тәмамдаңдар» (Бақара 196).
  2. Сүннет Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Ислам діні бес негізден тұрады: Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммедтің (с.а.у.) Алла тарапынан жіберілген шынайы елші екендігіне куәлік келтіру, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы келсе қажылыққа бару,» (Бухари, Муслим) «Күмәнсіз, Алла Тағала сендерге қажылықты парыз қылды, қажылықты орындаңыздар» (Муслим).
  3. Ижмағ Ислам ғұламалары шамасы жеткен әркімге қажылық ғибадатының ғұмырында бір рет парыз екендігіне бір пікір білдірген. Қажы ғибадатының парыз болуы үшін қажетті шарттар белгілі бір адамда толық болса, оған дереу қажылық жасау шарт па? Қажы ғибадатының парыз болуы үшін қажетті шарттар белгілі бір адамда толықса, ол кісіге ертерек қажылық жасау парыз. Шамасы келе тұра қажылықты кешіктірген күнәһар болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Қажылықты орындауда асығыңыздар! Өйткені, сендердің ешқайсыларың өлімнің қай уақытта келіп жететінін білмейсіңдер» (Абу Дауд, ибн Мажә), – дейді.

Ummet.kz

Бөлісу: