Ұмраны қосып немесе жеке орындау жағынан қажылық үшке бөлінеді:
Ифрад қажылығы - Ұмраны қоспай қажылықты гана жасау.
Ихрамға кірер кезде тек қажылық рәсімдерін атқару ниетімен жасалған қажылық. Бұл қажылық парыз, уәжіп немесе нәпіл болуы мүмкін. Қажылықтың бұл түрін атқарушы кісіні арабшада муфрит (қажылықты ғана атқарушы) деп атайды. Ифрад қажылығында ақаба жәмрасында (шайтанга лақтырылатын тас үйіндісінде) тас лақтырған соң құрбан шалуы уәжіп емес. Бірақ көңілі қаласа шалуына болады. Соңында шашын алғызып немесе қысқартқызып ихрамнан шығады.
Тәматтуғ қажылығы - Ұмра мен қажылықты бөлек-бөлек ихраммен, бір жылдагы қажылық айларында жасау.
Қажылық маусымында алдымен ұмра үшін ниет етіп, ихрам киіп, ұмра өтеледі. Сосын шашын алдырып, ихрамнан шығып, (елге кайтпай) зул-хижжа айының сегізіне дейін жай киімдермен жүре береді. Кейін қажылық орындауға ниет етіп қайтадан ихрамға кіріп, қажылығын орындайды. Бұл ұмра мен қажылықты бірге атқарушы «мутәмәттиғ» деп аталады. Тәматтуғ қажылығы ифрат қажылығынан әлдеқайда сауапты.
Қажылық пен ұмра үшін екі бөлек ихрамға кіріп, екеуін де қажылық айларында жасауы шарт. Бұл қажылықты тек әфақилер (Меккеге сырттан келгендер) ғана жасай алады. Қажылық және ұмраны бірге өтегені үшін құрбан шалу уәжіп. Бұл құрбандықты құрбан айт күндерінің бірінде орындайды. Бұл турасында Құранда: «Кімде- кім қажылыққа дейін ұмраны орындаса, (ұмрадан кейін ихрамнан шығып қажылық үшін қайта ихрам
киінсе), өзіне қолайлы бір құрбаи шалады. Егер құрбандық таба алмаса, қажылықта үш күн, үйге қайтып келгенде жеті күн етіп ораза үстайды. Бұл үйі Мәсжид-Харамның маңында болмағандар үшін. Алладан қорқыңдар. Алланың зор азап иесі екенін біліңдер»[1], - делінген.
Қиран қажылығы - Қажылық пен ұмраны бір ихраммен бір жылда орындау.
Яғни қажылық айларынан бұрын немесе қажылық айларында, миқаттан бұрын немесе миқатта (ихрам киетін жер) ұмра мен қажылықты бірге орындауға ниеттеніп ихрам кию. Ұмраны толық орындаған соң толық шарттарымен қажылық құлшылығын орындайды. Қиран қажылығы тәмәттуғ қажылығына қарағанда сауабы мол құлшылық. Бұл қажылықты орындаушы «қарин» (қосып орындаушы) деп аталады. Қажылықтың бұл түрін де тек сырттан келгендер ғана жасайды. Мұнда да шүкіршілік мақсатымен құрбан шалу уәжіп.
Қиран қажылық жайында Расулулла (с.ғ.с.): «Мен ақиқ даласында тұрғанда, Алла тарапынан біреу келіп: «Уа, Мұхаммед, бұл берекелі далада екі рәкат намаз оқы және қажылық пен ұмра үшін «ләббәйк» де»[2], - дейді. Тағы бір хадисте «Уа, Мұхаммедтің отбасы, қажылық пен ұмраға бірге ниет етіңдер» делінген.
Қиран қажылығының шарттары:
- Қиран қажылығына ниеттенген адам ұмра үшін ихрамға кірген болса, қажылықтың ихрамына ұмра тауабын өтемей тұрып кіруі шарт.
- Арафатқа бармай тұрып ұмра тауабын жасаған болуы шарт.
- Ұмраның тауаптарын қажылық айларында өтеу шарт.
- Меккеліктер қажылық пен ұмраға бір ихраммен кірсе, жаза өтейді. Жаза ретінде құрбан шалу уәжіп.
Қиран мен ифрад кажылықтарына қарағанда таматтуғ қажылығының орындалуы жеңілірек. Өйткені қиран мен ифрад қажылығын жасау ниетімен ихрам киінген адам ұзақ уақыт ихрам күйінде жүреді. Ал таматтуғ қажылығындағы адам ихрамда қысқа уақыт жүреді. Ихрамдағы адамның қажылық тыйымдарынан сақтанып жүруі керек. Осы себепті қиран мен ифрад қажылықтарында ихрамда тыйымдардан сақтанып жүру ұзаққа созылады. Ал таматтуғ қажылығында ол қысқа мерзімде өтеді.
Материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды.
Ummet.kz
[1] «Бақара» сүресі, 196-аят.
[2] Сахих Бұхари, 1534.