16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Құныт дұғасын білмеген кісі «рәббәнә»-ні оқыса бола ма?

«Құныт» сөзінің қазақша мағынасы – "дұға", "тілек", "намаздағы қиямды созу" деген мағаныларға саяды. Құныт дұғасы деп, үтір-уәжіп намазының үшінші рәкәғатында фатиха және зәм сүре оқылғаннан кейін рукуға бармай құлақ қағып оқылатын дұғаны айтамыз.

Намаздың соңында сәлем берместен тұрып кетіп қалса, намазы санала ма?

Ханафи кітаптарында «намаз бұзатын іс-әрекет жасау арқылы намаздан шығу» деген ереже бар. Бұл – намаздың соңында «әттәхият» дұғасын оқып болғаннан соң намаз бұзатын бір әрекет жасап намаздан шығуды білдіреді.

Екі адам намаз оқығанда ұюшы имамнан төмен тұра ма, қатарласып тұра ма?

Екі адам намаз оқығанда ұюшы кісі имамның оң жағында тұрады және не ілгері, не кейін тұрмай, онымен қатарласып тұрады1.