01
Жұма,
Қараша

һижри

ҚМДБ Төрағасы халықаралық саммитте баяндама жасады (фото)

ҚМДБ Төрағасы халықаралық саммитте баяндама жасады (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан «Дүниежүзілік ислам ғұламаларының жоғары кеңес саммитінде» Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасады.

«Біз Алланың адамзатқа жіберген соңғы діні исламды ұстанушы мұсылманбыз және әрбір елдің атынан келіп тұрған дінбасылармыз. Демек бізге артылар жауапкершілік пен қызмет өте ауыр.

Соңғы жылдары әлемде болып жатқан түрлі қақтығыстар мен соғыстар, діни алауыздықтар мұсылман әлемін айналып өтпеді. Соның бірі Палестинада орын алып жатқан қақтығыс баршамызды алаңдатып отыр.

Шын мәнінде, қасиетті Құдыс жерінде, атап айтқанда Ғазза секторындағы бауырларымыздың басына келген сынақ – бізге де қатысы бар сынақ деп айтар едім. Өйткені, ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мүміндер бір-біріне сүйіспеншілік, мейірімділік және жанашырлық танытуда біртұтас дене тәрізді. (Адамның) бір жері ауырса, ұйқысы қашып, ыстығы көтеріліп, бүкіл денесі ауырған жерінің мұңына ортақтасады» деген. Қазір осы хадиске амал ететін сәт деп ойлаймын.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ислам дініндегі қасиетті үшінші мекен саналатын – Құдыс жеріндегі қантөгіске қатты алаңдаушылық білдіреді және мәселенің бейбіт жолмен шешілуін тілейді.

Қазақстан мемлекеті палестиналықтардың өзін-өзі анықтауға және астанасы Шығыс Иерусалимде орналасқан 1967 жылғы шекарада халықаралық деңгейде танылған Палестина мемлекетін құруға заңды құқықтарын толық қолдайтынын мәлімдеген болатын.

2023 жылың 24 қазаны күні 12 араб мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшілері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына арнайы келіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Палестинадағы жағдайға қатысты айтқан сөзін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Палестинадағы қантөгіске қатысты ресми ұстанымын жоғары бағалап, ризашылықтарын білдірді.

Біз жер бетіндегі әрбір мұсылман өзінің тарихи Отанын, жерін қорғауы тиіс және оған мұсылман әлемі қолдау көрсетуі қажет деген ұстанымдамыз» деді Бас мүфти.

Бөлісу: