01
Жұма,
Қараша

һижри

Неге қанша дұға етсек те дұғамыз қабыл болмайды?

Неге қанша дұға етсек те дұғамыз қабыл болмайды?

Иман келтіру

Ибраһим ибн Әдһамнан «Маған дұға етіңдер, (тілектеріңе) жауап беремін» (Ғафыр, 60) деген аят туралы «Біз қанша дұға етсек те, дұғамыз қабыл болмайды» деп сұрағандарға былай депті:

«Өйткені сендердің жүректерің он түрлі істеріңмен өліп қалған: Алланы біліп, Оның хақтарын өтемедіңдер. Алланың Кітабын оқып, оған амал етпедіңдер. Ібілісті жау тұттық дегендеіңмен онымен сыбайлас болдыңдар. Расулалланы (с.а.с.) жақсы көреміз дедіңдер, бірақ оның сүннетін тастап қойдыңдар. Жәннатқа құлшынамыз дедіңдер, бірақ ол үшін амал етпедіңдер. Тозақтан қорқамыз дедіңдер, алайда күнәлардан тыйылмадыңдар. Өлімнің хақ екенін білдіңдер, бірақоған дайындалмадыңдар. Басқалардың кемшіліктерін айтып, өз кемшіліктеріңе көз жұма қарадыңдар. Алланың ризық-несібесінен дәм татсаңдар да оған шүкірлік етпедіңдер. Өлгендеріңді көміп, бірақ одан ешбір ғибрат алмадыңдар».

материал «Дұға – құлшылық өзегі» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: