01
Жұма,
Қараша

һижри

Иман келтіру

Иман келтіру

Біз қазақ халқы, қазақ болуымыздан бұрын мұсылман болған халықпыз. Олай деуіміздің себебі, Қазақ хандығы құрылмай тұрып осынау байтақ даламызда өмір сүрген барша халық ислам дінінің ұстанушылары болған. Сол себепті де қазақ халқының салт-дәстүрлері ислам дінімен біте қайнасып кеткен десек артық айтқан болмаймыз.

Ал енді «мұсылман деген кім, ислам дінінің өкілі болу деген не?» сынды сұрақтар келуі мүмкін. Оған қысқаша былай жауап берсек болады: мұсылман, мүмін, ислам дінінің өкілі, я ислам құндылықтары мен шариғатын ұстанушы деген ұғымдар өз арасында синоним сөздер болып табылады. Бұл адамдар–Аллаға, Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне және тағдырғасенген адамдар. Егер адам осы нәрселерге сенсе, демек иман еткен болады. Құранның көптеген аяттарында иман мәселесі қозғалып, не нәрсеге сену керек, және не нәрсеге сенбеу керек екенін баяндаған. Мысалға:

الَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِالْغَيْبِ

«...Олар сондай, ғайыпқа иман еткендер...»[1],

مَنْ آمَنَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ وَ عَمِلَ صَالِحًا فَلَهُمْ أَجْرُهُمْ عِندَ رَبِّهِمْ وَ لَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَ لَا هُمْ يَحْزَنُونَ

«...Кімде-кім Аллаға, ақырет күніне иман келтірсе, олардың алар сыйақысы Раббыларының қасында. Оларға қорқыныш төнбейді, Әрі олар қайғырмайды да» [2], және

آمَنَ الرَّسُولُ بِمَا أُنزِلَ إِلَيْهِ مِن رَّبِّهِ وَالْمُؤْمِنُونَ ۚ كُلٌّ آمَنَ بِاللَّهِ وَمَلَائِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَ رُسُلِهِ

«Пайғамбар өзіне Раббысы тарапынан түсірілгенге иман келтірді. Мүміндер де (соған иман келтірді). (Олардың) барлығы: Аллаға, (Оның) періштелеріне, кітаптарына және пайғамбарларына иман келтірді,»[3]–деген аяттардан көрініс табады.

Пайғамбарымыздан (с.а.с) жеткен хадистерде де иман ету туралы аз айтылмаған. Мысалға:

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ سُئِلَ أَيُّ الْعَمَلِ أَفْضَلُ فَقَالَ إِيمَانٌ بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ قِيلَ ثُمَّ مَاذَا قَالَ الْجِهَادُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ قِيلَ ثُمَّ مَاذَا قَالَ حَجٌّ مَبْرُورٌ

Абу Хурайрадан жеткен хадисте айтылған: «Алла елшісіне (с.а.с) «Ең жақсы амал не?»–деген сұрақ қойылды. Сонда ол (с.а.с):

–Аллаға және оның елшісіне иман ету,–деді,

–Одан кейін ше?

–Алла жолында күресу.

–Одан кейін ше?

–Қабыл болған қажылық,–деп жауап берген.[4]

Бұл хадисте жалпы иман ету айтылған, әрі ол барлық ізгі әрі жақсы амалдардың басында тұратынын көрсеткен. Ал енді нақты не нәрсеге иман ету керек екенін «Жәбірейіл (а.с) хадисы» деп аталатын хадистеегжей-тегжейлі берген:

قال : أخبرني عن الإيمان قال : أن تؤمن بالله وملائكته وكتبه ورسله واليوم الآخر،وتؤمن بالقدرخيره وشره قال : صدقت

...(Кейінірек Жәбірейіл а.с. екені белгілі болған) сұраушы:

–(Әй, Мұхаммед) маған иман туралы айт!–деді. Пайғамбар (с.а.с):

–Аллаға, Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне иман етуің, және де тағдырға, жақсылығы мен жамандығына сенуің,–деп жауап қатты. Сонда әлгі сұраушы:

–Дұрыс айттың,–деді...[5]

Міне, осылайша дініміздің асылы болған Құран Кәрім мен хадис шарифтен иман етудің не екенін қысқаша баяндаған болдық. Жалпы иман ету осы нәрселерге құралады. Алла қаласа келесі мақалаларда бұлырдың әрқайсысына жеке-дара кіріп қарастыратын боламыз.

 

 

[1] Бақара 3

[2] Бақара 62

[3] Бақара 285

[4] Сахих Бухари

[5] Сахих Бухари; Сахих Муслим

Бөлісу: