01
Жұма,
Қараша

һижри

Өзгеге пайда тигізу – өзіңді құтқарады

Өзгеге пайда тигізу – өзіңді құтқарады

Иман келтіру

Рухани құлдыруға ұшырамай тұрып, бұл синдромның шеңберінен шығудың тағы бір жолы – өмірде мағыналы және пайдалы мақсатпен жүру.

Ал «өзгелерге пайдалы болу үшін өмір сүру» философиясы – материалдық құндылыққа ғана негізделген өмірдің мағынасыз екеніне көз жеткізеді. Нәтижесінде көп күттірмей-ақ өзіңіздің дұрыс жолда екеніңізді түсінесіз.

Әйгілі Генри Фордтың 20 жастан асқан ұлы: «Бұл өмірдің барлық рақатын көрдім. Енді өмір сүрудің ешқандай мағынасы қалмады!» – деп өз-өзіне қол жұмсаған екен. Мүмкін емес болса да, сол балаға мынадай сұрақ қойғым келеді: «Бұл өмірдің бар рақатын көрдім дедің, алайда сол рақаттың ішінде кедейді киіндіру, аш адамды тамақтандыру, не болмаса жетім баланың басынан сипау сияқты жүрекке рақат сыйлайтын істермен айналысып көрдің бе?» Не де болса, оның жауабы келесідей болар еді: «Мен бұл істерді рақаттану категориясына жатқызбаған едім. Менің ойымша, бұл олардың жеке проблемасы, менің қандай қатысым бар? Мұндай іспен айналысу арқылы адам рақат ала ма екен?» Бәлкім, өмірінде аталған істермен айналысып, жүрегі тыныштық пен бақыт тапқанда, ол өз-өзіне қол жұмсауға дейін апарған депрессияға ұшырамас па еді. Алайда ең өкініштісі, мұндай өзімшіл адамдардың, қандай атақ пен тәжірибеге ие болғанына қарамастан, біздің қоғамға тигізетін бір тиын үлесі жоқтығы.

Жақсы адам дегеніміз – дана, адамдарға дұрыс бағыт көрсететін, өзі де дұрыс адамдардан тәрбие көрген, дұрыс ұстанымдары арқылы өз-өздерін қадағалай алатын, алдына әлеуметтік және рухани мақсаттар қоятын, өмірді өзі үшін ғана емес, өзгелер үшін де сүретін жандар емес пе?

материал «Бақытты отбасының сыры» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: