Ислам діні дүние жинаудан, бай болудан қайтармайды. Алайда, шектен тыс әуестік – иманға зиянын тигізбей қоймайды.
Яғни, дүние мұсылманның жүрегінде емес, қолында болуы керек. Алла Тағала Құранда: «Алайда, сендер осы өмірді артық көресіңдер. Ал соңғы мәңгілік өмір – қайырлы әрі тұрақты», - дейді. («Аьла» сүресі, 16-17 аяттар).
Ардақты сахабалар да дінін тәж секілді көкке көтеріп, дүниені қолдарында ұстайтын. Тәждерінің қисайып немесе түсуге шақ қалғанын байқағанда, қолдарындағыны лақтыра салып, діндерін түзеуге кірісетін.
материал «Иманды арттырудың жолдары» кітабынан алынды,
ummet.kz