Имам Ағзам Әбу Ханифа: имам Ағзам һижраның 80-жылында (б.ж.с. 699 ж.) Ирактың Куфа қаласында дүниеге келген.
Толық аты-жөні – Нұғман ибн Сәбит, ұлты парсы. Өз ғасырының ірі ғалымы болғандықтан оны «имам ағзам», «ең үлкен имам» деп атаған. Имам Ағзамның көзқарастары басқа ғалымдарға қарағанда кеңпейілділік, жеңілдік дінінің рухына сай келгендіктен, «Әбу Ханифа» деп аталған. Арабша «әбу» тек қана «әке» мағынасында емес, сонымен қатар, бір нәрсеге өкілдік, иелік ету мағынасында келеді.
Әбу Ханифа деп аталу себебіне бірнеше деректер келтіріледі. Әбу Ханифа – «Ханиф» ислам дініне шынайы беріліп, соның жолымен жүрген яғни, «діннің әкесі» деген мағынаны білдіреді.
Әбу Ханифа – «Ханиф» парсыларда сол кезде сия сауыттың аты болған екен. Имам Ағзам сол кезде сия сауытын жанынан бір елі тастамайтын еді. Сондықтан оны «сия сауыттың» әкесі деп атаған деседі.
Әбу Ханифаның «Ханифа» атты қызы болған. Соның құрметіне Әбу Ханифа деп аталған дейді. Алайда бұлардың ішінде ең шындыққа жақыны бірінші келтірілген дерек, яғни, «діннің әкесі» деген атау болып табылады. Өйткені оның Ханифа атты қызы болмаған, тек қана бір-ақ ұлы болған деген мәліметтер де бар.
материал «Имамға көмекші» кітабынан алынды,
ummet.kz