Әбу Бәкірдің (р.а) бір түнгі ғибадаты

Әбу Бәкірдің (р.а) бір түнгі ғибадаты

Ұлы тұлғалар
Жарнама

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бақиға аттанғаннан кейін мұсылмандар өз ішінен бір басшы сайлау қажеттігін талқыға салды. 

Кей кісілер бірін ансардан, енді бірін мұһажирлардан екі басшы сайлайық деген пікірді де алға тартты. Бұған бірінші болып хазірет Омар (р.а.) көнбеді. Соңында бәрі бірауыздан хазірет Әбу Бәкірді (р.а.) таңдады. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с) әл үстінде жатқанда, жамағатты Әбу Бәкірге (р.а) ұйытып, намаз оқытып еді.

Бұған қоса ол – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бала күнінен бері келе жатқан жақын досы, тіршілігінде сан мәрте адалдығын дәлелдеген тақуа кісі еді. Барлығы Әбу Бәкірді (р.а) халифа етіп сайлады. Осы күннен бастап ұлы мұсылман мемлекетін Әбу Бәкір (р.а.) басқарды, көмекшісі хазірет Омар (р.а.) болды. Сол уақыттарда халифалыққа хазірет Омарды (р.а.) лайық көргендер де кездесті. Оларды Омар (р.а.): –  Аллаға ант етейін, Әбу Бәкірдің (р.а.) бір түнгі ғибадаты Омардың бүкіл әулетінің жасаған ғибадатынан жоғары, – деп тыйып тастады.

материал «Тағылым тамшылары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: