«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әрбір жұма намазынан кейін, «Пәтуа сағатының» дәрістері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде күндердің сұлтаны жұмада тұрақты түрде жүргізіліп келе жатқан «Пәтуа сағатының» бүгінгі жиыны Рамазан айындағы оразаға қатысты мәселеге арналды.
«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстаздары Мұрат Рысбаев, Нуриддин Абдусаматұлы жамағат сұрақтарына жауап беріп, қасиетті ай туралы көптеген пайдалы ақпараттар айтты. Дәріс соңында жиылған жамағатқа Рамазанға қатысты сұрақ-жауап кітапшалары үлестірілді.
ummet.kz