01
Жұма,
Қараша

һижри

«Әл-Фараби»: 130 адамға қуаныш сыйлады (фото)

«Әл-Фараби»: 130 адамға қуаныш сыйлады (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет.

Рамазан – қайырымдылық айы. Бұл айдағы игі амалдың, қайырымдылық көмектің сауабы сансыз. Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы қаламыздағы көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлікпен қайырымдылық көмек көрсетті.

Ет өнімдері мен бір айлық азық-түлік себеттері бұл жолы 130 отбасына қуаныш сыйлады. Демеуші азаматтардың атсалысуымен өткен қайырымдылық шарасы мешіт ұжымының ұйытқы болуымен ай сайын, апта сайын ұйымдастырылып келеді.

«Бір үй аш болса, бір ауыл аш, бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш» деген қағиданы берік ұстанған мешіт ұжымына қайырымдылықтың жылуын сезінген отбасылар алғыстарын білдірді.

200423 Qaiyrymdylyq 1

200423 Qaiyrymdylyq 2

200423 Qaiyrymdylyq 4

200423 Qaiyrymdylyq 14

200423 Qaiyrymdylyq 11

200423 Qaiyrymdylyq 15

200423 Qaiyrymdylyq 18

200423 Qaiyrymdylyq 23

200423 Qaiyrymdylyq 25

200423 Qaiyrymdylyq 26

200423 Qaiyrymdylyq 27

ummet.kz

Бөлісу: