01
Жұма,
Қараша

һижри

«Әл-Фараби»: «Отбасы тәрбиесіндегі Пайғамбар (с.ғ.с) методикасы» семинары өтті (фото)

«Әл-Фараби»: «Отбасы тәрбиесіндегі Пайғамбар (с.ғ.с) методикасы» семинары өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Жанұя мүшелерінің екі дүниеде бақытты ғұмыр кешуі ең алдымен отағасының және отанасының тәрбиелік міндеттерін дұрыс атқаруымен байланысты. Өйткені тәрбие дұрыс жолға қойылмай, отбасындағы ешбір істің оңала қоймасы анық. Ал тәрбие ісінің ең жарқын үлгісін ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) көрсетіп берді.

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде ерекше үлгідегі танымдық семинары өтті. Ерекше дейтін себебіміз – семинар тақырыбы «Отбасы тәрбиесіндегі Пайғамбар (с.ғ.с) методикасы» деп аталды. Алла Елшісінің (с.ғ.с) отбасылық өмірі кімге болса да үлгі. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) құтты шаңырағы өмірден өткен бар барша жанұялардың ең бақыттысы, әрі берекелісі еді.

Семинар барысында Алла Елшісінің (с.ғ.с) өнегелі өмір жолынан «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің наиб имамы Әділхан Оразов келген отбасыларға көркем насихат айтты.

Насихатта наиб имам Алла Елшісінің (с.ғ.с) Исламдағы бала тәрбиесі, ер мен әйелдің отбасындағы міндеттері мен тәрбие көріністері, ата-ананың разылығына қатысты өнегелі сөздерінен, ғибратты оқиғалардан үлгілі мысалдарды тілге тиек етті.

Мәселен, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бала өмірге келмей жатып-ақ оған қамкөңілділік танытатынын, баланың өмір есігін ашқанын қуаныш көретінін, туыла салысымен мұсылмандық тәрбие нышандарын жасайтынына тоқталып, Алла Елшісі (с.ғ.с) жұбайын парыз амалдардан бөлек қосымша құлшылықтарға баулитынын, отбасын қасиетті Рамазан айында көбірек сауап алуға үндеп, түнгі намазға оятатынын айтып, семинар қатысушыларына толыққанды мәлімет берді.

Келген қонақтар көкейлерінде жүрген сауалдарға спикерден нақты жауаптар ала білді. Семинар қатысушыларына мешіт ұжымының атынан ҚМДБ жанынан жақында жарыққа шыққан діни кітаптар сыйға берілді.

Семинар соңында наиб имам Алла Тағала баршамызды айналамызға, отбасымызға жұмсақ мінез танытқан, көркем насихат айтып, көп сауапқа ие болған пенделерінен етуімізді, сүйіспеншілігі артқан, өнегелі өмір сүруге ұмтылған отбасылардан болуымызды тілеп, арнайы дұға жасады.

080423 Otbasy 1

080423 Otbasy 2

080423 Otbasy 3

080423 Otbasy 4

080423 Otbasy 5

080423 Otbasy 6

080423 Otbasy 7

080423 Otbasy 8

080423 Otbasy 9

080423 Otbasy 10

080423 Otbasy 11

080423 Otbasy 12

080423 Otbasy 13

080423 Otbasy 14

080423 Otbasy 15

080423 Otbasy 16

080423 Otbasy 17

ummet.kz

Бөлісу: