01
Жұма,
Қараша

һижри

Бас мүфти «Әл-Фараби» мешітінде жұма уағызын айтты (фото)

Бас мүфти «Әл-Фараби» мешітінде жұма уағызын айтты (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде жамағатқа жұма уағызын айтты.

«Жүректің дерті және одан арылу жолдары» тақырыбында уағыз айтқан Бас мүфти: «Алла Тағала қасиетті Құранда, «Мәида» сүресінің 13-аятында: «Міне, (содан кейін) оларды уәделерін бұзғаны үшін рақымымыздан алыстатып, лағнеттедік әрі тас жүректі қылдық», – дейді.

Шынында, жүрек қарайғанда құлшылық жасау қиын болып қалады, күнә істеу оңай болады. Күнә істеген адам дүниеде және ақыретте үлкен қиыншылықтарға тап болады. Күнә істеуді жалғастырған адамдардың уақыт өте жүректері мөрленеді. Ол адам сауап істей алмайтын жағдайға түседі. Сол үшін ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Күнә істегенде жүректе бір қара дақ пайда болады. Егер тәубе етілсе, ол дақ өшеді. Күнә істеу жалғасатын болса, ол дақ үлкейіп, жүректі толығымен қаптайды», – деген (имам Нәсаи).

Сондықтан жүректің дерті – ол күнәлар, ал оның дауасы – истиғфар айту. Адамдардың басына келетін барлық қиыншылықтар күнәлардың кесірінен келеді. Истфиғфар айтқанда, яғни өкініп, тәубеге келгенде күнәлар өшіріледі.

Ендеше, әр адам жүректің надандықтан, жаман мінезден, соқыр наным-сенімнен, теріс іс-әрекеттерден және дүние құмарлықтан арылуына атсалысуы керек» деді.

ҚМДБ Төрағасы жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

240323 BasMufti 1

240323 BasMufti 2

240323 BasMufti 3

240323 BasMufti 4

240323 BasMufti 5

240323 BasMufti 6

240323 BasMufti 7

240323 BasMufti 7

240323 BasMufti 8

240323 BasMufti 9

ummet.kz

Бөлісу: