«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті қасиетті Рамазан айы қарсаңында 50 отбасыға қуаныш сыйлады.
Демеуші азаматтардың көмегімен елордадағы мұқтаж отбасыларға және ерекше көмекті қажет ететін балалары бар отбасыларға азық-түлік себеттері тарту етілді.
Жиылған жамағатқа мешіт имамдары көркем насихат айтып, Рамазан айына амандықта жету үшін арнайы дұға жасады. Қайырлы істің жылулығын сезінген отбасылар қайырымдылық шарасына демеушілік жасаған жандарға, мешіт ұжымына ризашылықтарын білдірді.
ummet.kz