Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Адамдардың ең қайырлысы – ол өзгеге пайдасы тигені» деген. Осы өсиетке амал еткен «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы бүгін қаламыздағы жиырма отбасына қуаныш сыйлады.
«Сауап» белсенділер тобының атсалысуымен бірге ұйымдастырылған кезекті қайырымдылық шарада қаламыздағы психоневрологиялық патологиясы бар ерекше балалардың ата-аналарына бір айлық көлемінде азық-түлік үлестірілді.
Алла Елшісі (с.ғ.с): «Кімде-кім жақсылыққа жол сілтесе, сол үшін сауапты болады» деген. Үнемі жақсылық жасауда үлгі боп келе жатқан «Сауап» белсенділер тобының жанашыр да, қамқор азаматтары мешіт қабырғасында өтетін көптеген қайырымдылық істердің басы-қасынан табылып, әрдайым игі істерге қолдау көрсетіп келеді. Қайырымды істің жылулығын сезінген отбасылар халықтың алғысына бөленіп, рақметін алған атымтай жомарт азаматтарға, мешіт ұжымына келген отбасылар ризашылықтарын білдірді.
ummet.kz