Ораза айт мейрамы елордалық тұрғындар мен қала қонақтары үшін сән-салтанатымен аталып өтті. Бұл мейрам мәдени-спорттық шаралармен қатар қайырымдылық жұмысымен де елдің есінде қалды.
«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде өткен Ораза айт мерекесі аясында «Мейірімділік жәрмеңкесі» өтті. Оған мешіт ұстазы Әйгерім Қайратқызы мен мешіт жанындағы «Жібек» қыз-келіншектер клубы, қыз балалардан құралған шәкірттер толықтай атсалысты. Қайырымдылық жәрмеңкеде тағамдар, тәттілер, тоқаштар сатылды. Шараның мақсаты – жәрмеңке қаражатымен мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету.
Жәрмеңкедегі түрлі тәтті тағамдарды «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің әйел жамағаты ұсынды. Жәрмеңкеден түскен қаражат мешітке тіркелген тұрмысы төмен отбасыларға, ауыр сырқатқа душар болған жандардың еміне көмек ретінде үлестірілетін болады.
ummet.kz