01
Жұма,
Қараша

һижри

Құран аяттарын көркем жазу бойынша шеберлік дәрістері өткізілді (фото)

Құран аяттарын көркем жазу бойынша шеберлік дәрістері өткізілді (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Мұсылман каллиграфия өнері, бір жағынан қасиеттілігі үшін, екінші жағынан аса көркемділігі, яғни эстетикалылығы үшін өте жоғары бағаланып келеді. Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Құран аяттарын көркем жазу үлгісі бойынша шеберлік дәрістері өткізілді.

Ізгі шара Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени өкілдігі мен «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің бірлесе атсалысуымен ұйымдастырылды. Құран аяттарын мұсылман каллиграфиясымен жазу діни талаптарға сай болумен қатар, адам бойындағы сұлулыққа, әсемдікке деген әуестік пен құштарлықты оятады. Ирандықтар ойлап тапқан бұл өнер  түрі – аяттарды барынша әсемдеп жазу арқылы Алланың разылығына бөлейтін сауапты амал болып саналады.

Көрме ұйымдастырушылары мен арнайы мамандар қызығушылық білдірген мешіт жамағатына мұсылман каллиграфия өнерінде қолданылатын құралдармен, қажетті қалам, қағаз түрлерімен кеңінен таныстырды. Шара аясында мешіт жамағаты мұсылман каллиграфиясы арқылы қасиетті Құран аяттарын, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерін қалай әсемдеп, көркем түрде жазу керектігін үйренді.

010522 QuranKalligrafiasy 1

010522 QuranKalligrafiasy 2

010522 QuranKalligrafiasy 3

010522 QuranKalligrafiasy 4

010522 QuranKalligrafiasy 5

010522 QuranKalligrafiasy 6

010522 QuranKalligrafiasy 7

010522 QuranKalligrafiasy 8

010522 QuranKalligrafiasy 9

010522 QuranKalligrafiasy 10

010522 QuranKalligrafiasy 11

010522 QuranKalligrafiasy 12

ummet.kz

Бөлісу: