Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп.
Алла Тағала Құран Кәрімде пайғамбарымызға (ﷺ): «Намаз оқы және құрбан шал» – деп, әмір етіп, құрбан шалудың уәжіптігін білдірген. Ал, өмірден өткен кісі үшін құрбан шалуға бола ма?Өлген кісі өзінің атына құрбан шалуды тапсырып кетпесе де, сауабын өліге бағыштау ниетімен құрбан айт күндерінде құрбан шалуға болады. Шалған құрбанының етінен жеуіне рұқсат. Бірақ өлінің тапсырып кеткен өсиетін орындау ниетімен шалған құрбанының етінен жеуге болмайды. Етін толық садақа ретінде тарату керек.
ummet.kz