01
Жұма,
Қараша

һижри

Ажал айтып келмейді

Ажал айтып келмейді

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Ертеде Сүлеймен пайғамбардың ақылгөй уәзірі болған екен. Бір күні жаңағы уәзірі аптығып пайғамбардың құзырына кіріп келеді. Сүлеймен пайғамбар жаныққан түрінен-ақ бір жайттың болғанын аңғарады. Уәзірі оған «жындарға әмір беріп мені Үндістанның ар жағындағы аралға апартқызып тастаңыз» деп өтініш білдіреді. Неге деген сұрағына: «жаңа ғана көшеде жан алғыш періштені көрдім, маған ұзақ тесіліп қарады. Менің жанымды алғысы келді, білем. Маған көмектесіңіз», - дейді.

Уәзірі қиылып сұраған соң келісіп, қызметіндегі жынға Үндістанның ар жағындағы аралға апарып тастауға әмір береді.

Содан шамалы уақыттан соң көшеге шыққан Сүлеймен пайғамбар бір топ адамның жиналып тұрғанын көреді. Олардың жанына жақындай бере жан алғыш періштені байқайды. Пайғамбар одан «неге менің уәзірімді сонша қорқыттың» деп сұрайды. Сонда періште Сүлеймен пайғамбарға: «Маған ертең азанда Үндістанның ар жағындағы бір аралға сол кісінің жанын алу тапсырылған болатын. Бүгін оны осында көріп, "ол құс болып ұшса да ертеңге дейін әлгі аралға жете алмайды ғой» деп қатты таңырқадым», - дейді.

Мұны естіген Сүлеймен пайғамбар үнсіз қалған екен.

Ummet.kz

Бөлісу: