01
Жұма,
Қараша

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) төсегі мен тынығу мәдениеті

Пайғамбардың (с.ғ.с) төсегі мен тынығу мәдениеті

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) төсегі кейде ішіне құрма жапырақтары толтырылған теріден болатын.

Кейде екі бүктелген жамылғыш пен мата, алаша, кейде қарапайым бір төсек болатын. Құрғақ топыраққа жатқан кезі де болған. Жастығының тысы тері, іші құрма талшықтарына толы болатын. Хазіреті Хафса (р.а) айтады: «Бір рет Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жақсы жатуы үшін матаны төрт бүктеп салып бердім, бірақ Ол оның жайлылығы үшін жасаған ісіме (жай бір жұмысқа көп мән бердің дегендей) реніш білдірді.

Ал, басқа бір риуаятта Хазіреті Айша (р.а) былай дейді: «Бір күні ансар ханымдарының біреуі маған келді. Алла Расулының (с.ғ.с) іші құрма талшықтарына толы төсегін көріп, біршама уақыттан кейін іші жүнге толы төсек жіберді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оны көрген соң: «Бұл не?» - деп сұрады. Ал, мен: «Уа, Расулалла! Ансардан пәленше деген әйел келді, ол сенің төсегіңді көрген соң, мынаны беріп жіберді», - дедім. Сол кезде Алла Расулы (с.ғ.с) былай деді: «Ей, Айша! Мынаны қайтарып бер. Егер мен қалап сұрасам, Алла Тағала күміс пен алтын тауларын менің тілегіме берер еді».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бүкіл Арабияға үстем болып билеп тұрған кезінде үйінде кішкентай бір ағаш төсек пен су құятын торсығынан басқа ешнәрсесі жоқ еді. Ұйықтайтын кезде әрқашан оң жағымен жатып, оң қолын оң жақ бетінің астына қойып жататын. Сапарда болған кезінде де осылай істейтін. Етбетінен жатқанды ұнатпайтын және сахабаларына да осылай жасауға тыйым салған. «Бұл жатыс түрі  Алла Тағаланың жақсы көрмейтін түрі», - дейтін.

материал «Пайғамбарымыз (с.а.у.) және оның күнделікті іс-әрекеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: