Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мешітке кірерде оқыған дұғасы:
Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас былай дейді: «Пайғамбарлардың пайғамбары (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мешітке кірерде мына дұғаны оқитын: «Алланың рақымынан аластатылып, қуылған шайтанның жамандықтарынан Алланың әзали күші мен қамқорлығына сиынамын!».
Пайғамбарымыз осы дұғаны оқығанда шайтан: «Ол басқа күндердегі жамандықтарымнан да сақтанды», – дейтін».
Тирмизидегі риуаят бойынша: «Алла расулы мешітке кірерде: «Раббым, күнәларымды кешіре гөр, маған рақымшылық есіктеріңді аша гөр!» дейтін. Ал шығар кезде былайша дұға ететін: «Бисмиллаһ уәссәләму ала Расулиллаһ».
материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,
ummet.kz