01
Жұма,
Қараша

һижри

Әйелге жұмақтың иісін сездірмейтін амал

Әйелге жұмақтың иісін сездірмейтін амал

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Сәубәннің айтуынша Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) былай деп айтқан: «Қандай да бір әйел, ешқандай себепсіз күйеуінен ажырасқысы келсе, оған жұмақтың иісі харам болады» (Тирмизи, Талақ 11).

Хадиске түсініктеме:

Әйел адам жанұяның шырқын бұзбай, оның негізгі ұйытқысы болатын адам. Үй болғаннан кейін ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Сондықтан келеңсіз жағдайлар мен түсініспеушілік болып жатса сабыр сақтап, ұтымды шешім табуға тырысу керек. Болмашы нәрсеге бұрқан-талқан болып ажырасудың жолын іздемеу қажет. Тек қана Ислами орта құрай алмайтын жағдайда ғана ажырасуға болады. Одан өзгесін сылтауратып, басқа еркекке тұрмысқа шығу үлкен ағаттық. Бұл ең алдымен қастандық болса, екіншіден үлкен өкінішке соқтырады.

Хазіреті Пағамбар (с.а.у.) бір хадисінде: «Үйленіңдер бірақ ажыраспаңдар. Өйткені, ажырасқанда аспан дірілдейді» деген. Мұсылман әйел тығырыққа тірелгенде, ажырасуға бола ма әлде болмай ма бұл жайлы ғалымдардан немесе үлкендерден ақыл-кеңес сұрау керек. Алдамшы сезімнің шылауына ілініп бұрыс шешім  қабылдаудан сақтанған жөн. Ерлі зайыптылардың біреуі ажырасуды қаламаса, сондай-ақ үлкен маңызды нәрсе болмаса ажырасам деуші адам нағыз залымның өзі болады. Егер де екі жақ та ажырасамыз десе ондай жағдайда залымдықтан құтылады. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Алла Тағаланың жек көретін адал нәрсесі, ажырасу» деген.

материал «Әйелдер тұрғысында 40 хадис» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: