30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Адамның өлімге даярлануды кешіктіруі – неткен надандық

Адамның өлімге даярлануды кешіктіруі – неткен надандық

Ислам тарихы

Адам баласы өзінің жастығына сеніп қалады. Сол себепті де ол жас кезімде ажал келмейді деп пайымдайды. Ол бейшара, бұл өмірде ер адамдар арасында қартайғандардың үлесі онан бірін ғана құрайтынын білмейді. Демек, қарт адамдарға қарағанда, жастардың саны көп. Ал қарттардың санының аздығының көрсеткіші, қалалық жердегі жастардың өлімінің көптігіне дәлел болып тұр.

Мыңдаған бозбалалар мен жасөспірімдер қартаймастан өмірден озып жатыр. Алайда адам дені сау болып тұрған кезінде өлім жайлы мүлде ойламайды, себебі оны алыстағы ықтималдық деп қабылдайды. Бірақ ажал оның маңында жүреді. Егер тіпті ажал тым алыста болып көрінсе де, ауру кенеттен келеді. Себебі арулар аяқ асты болады, олар ескертусіз келеді. Ал егер ауруға шалдығар болса, онда өлім атты оқиғаның да ауылы алыста емес деген сөз. Егер адам шынымен де ойланып, ақыл жүгіртер болса, ол ажал уақыт пен сағатқа тәуелді еместігін түсінер еді де, бос жүрмейтін еді. Демек, ажал қарт пен жасты бөліп қарамайды. Ал өлім үшін қыс пен жаздың айырмашылығы жоқ. Өлім үшін күн мен түн де жоқ.

Егер адам осы сөздің шынайы мағынасын біліп және де шынайы түрде сол үшін қам жейтін болса, онда оған дайын болатын еді, оған дайындалатын еді. Алайда бұл ақиқатты білмегендіктен және де дүниеге деген махаббаттың әсерінен, адам өзінің бос әрі алыс арманының, талпынысы мен тәуекелінің құлы болады. Осының барлығы нәтижеде адамға ажалының жақындап келе жатқанын ұмыттырады да оны бейғам, қамсыздыққа апарады. Ондай адам үнемі ажалы болашақта бір келеді деп ойлайды және де ажал ескертусіз келіп жетеді деп ойламайды. Ол үнемі өзгелерді жерлеуге қатысамын деп ойлайды. Алайда ол бейбақ күндердің бір күні жерлеуге алып бара жатқан дененің өзінің денесі болатындығын да ойламайды. Сондықтан да осыларды қайталай- қайталай оның бұл нәрсеге еті үйренеді де, кенеттен ажал келіп жанын алатынын да ойламайтын болады. Бұдан құтылудың жолы өліп жатқан адамның орнына өзіңді қойып, елестетуде жатыр. Елестете тұрып, бір күні өзіңің де денеңді жер қойнауына тапсыру үшін қабірстанға жеткізілетінін ойлауда жатыр. Сенің де денең қабірге жерленеді. Ол тіпті: «Бәлкім, менің қабіріме қаланатын кірпіштер де дайын тұрған шығар» - деп ойлауы керек Оның қабірінің орны да дайын, ал ол болса одан мүлде хабарсыз.

Дәл осы себептен адамның өлімге даярлануды кешіктіруі расында надандық болып табылады. Егер адам баласы мұның себебі надандық әрі дүниеге деген махаббат екенін білетін болса, егер соны сезе алатын болса, бұдан айығудың жолы олардан құтылуда жатқанын да білсін.

Адамды надандықтан ұстап қалатын таза әрі анық көзқарас. Надандықты күнәсіз, таза жанды даналардың насихатымен жеңуге болады. Сондай-ақ адамның жаны мұны қабылдауы да қажет.

Дүниеге деген махаббатқа келер болсақ, оны жүректен оңай алып тастай алмайсың. Шынында да, бұл сондай ауыр әрі жаман дерт, одан айығудың өзі мүмкін емес, тіпті оған шипа да жоқ. Бұл дерттен айығу біздің алдымызда өмір сүргендерді де, олардан алдын өмір сүргендерді де шаршатқан.

Бұл аурудан айығу біршама күш жұмсауды талап еткен. Адамның дүниеге деген махаббаттан арылудың бір ғана жолы бар. Ол – мәңгілік өмірге деген сенім, Аллаға сенім, үлкен құлшыныс, білім. Егер адам ана өмірдегі марапатқа қол жеткізуді ойласа және де қабірегі ауыр сынақ алдындағы қорқынышты сезіне білсе, осылар жайлы ой жүгіртсе, жүрегінен дүниеге деген махаббатты, өмірге деген махаббатты алып тастай алады.

Оның жүрегіне нық әрі толық иман ұялап, жүрегінен жер бетіндегіге деген махаббаттың ізі де қалмайды. Себебі, ең басты махаббат адамның жүрегіндегі әдеттегі махаббатты жойып жібереді. Сол кезде адам осы дүниенің түкке тұрғысыздығын және де ақыреттегі өмірдің әдемілігі мен құндылығын түсінеді. Сол сәтте ол дүниеге, өмірге деген махаббаттан бас тартады. Тіпті оған жер бетіндегі барлық байлықты ұсынса да ақыреттің құны мен әдемілігіне айырбастамайды. Ақыретті құп көріп, сол өмірді қалайша қаламасын? Расында осы дүниедегі оның қолындағы байлық, мәңгілік өмірмен салыстырғана түкке де тұрғысыз, тек ластық пен тот басқан нәрселер ғана. Ақыреттегі мәңгілік баянды ғұмырды білетін адам жердегі бақыт пен жақсылыққа қуана ма? Мәңгілік өмірге және оның ақиқаттығына иман еткеннен соң, ол адаммен жердегі байлыққа деген махаббат жайлы әңгіме айтуға бола ма? Ондай махаббат оның жүрегінде бола ма? Біздің Жаратушымыз біздерге, ізгі құлдарына жердегі, осы дүниелік нәрселердің ақиқаттығын көрсетіп қойған.

Сонымен қатар, өлім жанға жақсы әсер етудің бір жолы адам өзі қатарлы адамдардың немесе құрдастарының өлімі жайлы ойлануы. Оларға ажал күтпеген жерден келгенін ойлауы керек.

Адам осы жайлы ойлануы керек. Ал өлімге дайындық үстіндегілерге келер болсақ, олар әрине құтылды. Алайда кімде кім бос үміттің соңында жүріп, болшаққа есеппен қараған болса, анық құрдымға кеткені.

Адам өз денесіне, көзіне қарасын сол кезде оған мынандай ой келеді: «Менің көздерімді, денемді, сезім мүшелерімді құрт-құмырсқа қалай жейді! Сүйектерім қалайша құмға айналады!» Кейіндеп ол былай деп ойланғаны дұрыс: «Қабірде, жердің астында құрт-құмырсқа ең бірінші оң көзімнің қарашығын жейді ме, әлде сол көзімнен бастайды ма?».

Денесіндегі барлық мүшесі жер астындағы құрт- құмырсқаға жем болады. Сол сәттен бастап құрт-құмырсқаға жем болмаған тек бір ғана нәрсесі қалады. Ол – білімі мен жасаған амалы. Егер осы ілім мен амалдар өзіне жауапкершілік пен Алланың келісімі мен рұқсатын сіңірген болса және де олар махаббатпен әрі таза жүрекпен жасалған я алынған болса, онда адам олардың пайдасын көреді. Адам бір сәт көз алдына ендігі кезекте айтпақшы болып отырған қабірдегі азапты елестетіп көрсін. Мүңкәр мен Нәкирдің сұраққа алатындары жайлы ойласын. Есеп күніндегі қайта тірілу мен Қиямет күніндегі сұмдықты елестетіп көрсін. Үлкен Есеп беру күніндегі адамдардың жиналып жатқанын елестетіп көрсін.

Міне, осындай ой жүгірту арқылы адамның жүрегінде өлімді еске алу жайлы сезімдер оянады да, ол өлімге және ақыретке әзірлене бастайды.

материал «Өлім мен қабірдің мінәжат құпиялары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: