01
Жұма,
Қараша

һижри

Бөліп төлеу арқылы тауар алуға бола ма?

Бөліп төлеу арқылы тауар алуға бола ма?

Пәтуа

Бөліп сатуға (рассрочка) шариғатымызда рұқсат берген. Оны «Байғ тақсит» яғни, бөліп сату саудасы деп атайды.

Оның көрінісі мынадай: Мысалы, сатушы сатып алушыға: «Бұл кітаптың қазіргі нақты сатылатын бағасы 1000 теңге, ал белгілі бір мерзімге дейін бөліп төленетін бағасы 1200 теңге. Оны әр айда 120 теңгеден төлеп құтыласыз», - дейді. Егер затты осы аталған бағада сататын болса, ол адал сауда. Демек, қандай да бір затты қолма-қол нақты бағаға сатып алып, кейін оны белгілі уақытқа дейін негізгі бағасына қосып бөліп сататын болса, ол шариғатқа теріс емес. Тек кешіккен жағдайда айыппұл есебінде белгілі пайыз (пеня) қосылса, ол риба. Өйткені, бұл сауда түрі белгілі бір уақытқа дейін қарызға берген еді. Кешіккен жағдайда қарыздың үстінен қосымша пайда көру шариғатта тыйым салынған.

ummet.kz

Бөлісу: