01
Жұма,
Қараша

һижри

Бірінші дұға етіп су ішеміз бе, су ішіп, одан кейін дұға жасаймыз ба?

Бірінші дұға етіп су ішеміз бе, су ішіп, одан кейін дұға жасаймыз ба?

Ораза

Ауыз бекітерде суды дұға айтқаннан кейін ішу керек пе,  немесе бірінші су ішіп алып, сосын дұға айту керек пе?

1. Ауыз бекітерде бірінші су ішесіз, одан соң дұға оқисыз. 

2. Ауыз ашарда бірінші дұға оқып, одан соң су ішесіз. Пайғамбарымыз (с.у.а.) өзінің бір хадисінде: «Үш адамның тілегі қайтарылмайды: Ауыз ашар сәтіндегі аузы берік адамның дұғасы, әділ имамның (басшы) дұғасы және зұлымға ұшырағанның дұғасы» - деген. Хадистегі «ауыз ашар сәтінде» деген сөзден – ауыз ашарда дұға тілеп, одан кейін су ішілетіндігін аңғаруға болады[1]. Бұл хадистің басқа бір нұсқасында «Аузын ашқанға дейінгі аузы берік адамның...» деп келеді[2].  

3. Бірақ, орындарын ауыстырып, ауыз бекітерде бірінші дұға жасап, сосын су ішіп бекітсеңіз де, немесе ауыз ашарда бірінші су ішіп сосын дұға жасасаңыз да оразаңызға еш зияны жоқ.  

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: