01
Жұма,
Қараша

һижри

Мұсылман емес кісі Рамазан оразасын ұстай ала ма?

Мұсылман емес кісі Рамазан оразасын ұстай ала ма?

Ораза

Танысым бар еді, мұсылман емес. Рамазан айында ораза ұстай ала ма? Әлде шәһәдат айтып Исламды қабылдап, мұсылман болуы шарт па?

Сәлеметсіз бе! Рамазан оразасының парыз болу шарттарының бірі – мұсылман болу. Мұсылман еместің ұстаған оразасы есептелмейді. Ұстаған күннің өзінде, оған оразаның сауабы жазылмайды. Оразасы – шынайы мағынада «ораза» ретінде есептелуі үшін алдымен «шәһәдат» сөзін айтып, тілін кәлимаға келтіруі шарт.

Шәһәдат сөзі төмендегідей:

«Әшһәду әлләә иләәһә иллаллаһ. Уә Әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расулуһ».

Мағынасы:

«Алладан басқа құдай жоқ екендігіне куәлік етемін. Және де Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі (пайғамбар) екендігіне куәлік етемін!». 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: