16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Мұсылман болу. Намаз – мұсылман болған ер кісі мен әйелге парыз. Кәпірлерге намаз парыз емес. Өйткені олар дүние мен ақыретте Ислам үкімдерінің тармақтарына жауапкер емес. Олардың ақыреттегі жазасы – күпірліктің қарымы.

Өмір өзендей аққан бойы өтіп жатыр. Үйреншікті күн арайлап атып, алаулап батуда. Адамдардың көбі пәни дүниенің қамын жеп, өздерінің мына дүниеге қайдан, не үшін келгендерін, қайда баратындарын ұмытқан.

Намаз – Алла пен құл арасындағы байланыс негізі. Бес уақыт намазды орнымен оқып, үлкен күнә жасамаған адамның кіші күнәлары кешірілетіні жайлы аяттар мен хадистер бар.

Бұл да сүннеті рауатиб және сүннеті рағаиб деп, екі топқа бөлінеді. Сүннеті Рауатиб межелі әрі белгілі тәртіппен, бес уақыт парыз намазбен бірге үнемі оқылатын намаздар. Тарауих намазы да рауатиб сүннет қатарына жатады.

Уәжіп намаздар құлдың ісіне тәуелді емес (ли айниһи уәжиб) және құлдың ісіне тәуелді (ли ғайриһи уәжиб) деп, екі түрден тұрады. Құптаннан кейін оқылатын үтір және Рамазан айт пен Құрбан айт намаздары бірінші санатқа жатады.

Бұл намаз түрі де айни парыз бен кифәя парыз болып, екіге бөлінеді.