Әлемнің миллиондаған қажылары қасиетті Мекке қаласына 9 қыркүйекте басталатын ислам парыздарының бірі – қажылық жасауға ағылуда.
Қажылықты өтеуді қалайтын әрбір адам үшін Сауд Арабиясы Қажылық істері жөніндегі министрліктің әртүрлі мемлекеттерге бекітілген квотасына сәйкес арнайы рұқсат құжаты қажет.
Алайда, көптеген мұсылмандардың жыл сайын Меккеге тиісті құжаты мен рұқсат қағазы болмаса да келуі толастар емес. Осыған байланысты ел билігі заңсыз шекарадан өтушілерді тоқтату үшін арнайы шараларды қатаңдатуына тура келеді.
Мекке полициясының басшысы Саид Бин Салям әл-Карни бүгінгі күнге дейін Сауд Арабиясынан тиісті құжаты жоқ 188 747 қажы шығарылғанын хабарлады. Сондай-ақ, жалған рұқсат қағаздарын әзірлеген 44 туристік оператор қызметіне тыйым салынды.
ummet.kz-ақпарат