Ресей Федерациясында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде ресейліктердің басым бөлігі рухани сабақтар оқытылғанын қалайтыны белгілі болды, деп жазады Islam.ru.
Сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 89%-ы білім мекемелері патриоттық тәрбие беруі және діни-рухани дәрістерді (75%) беруі керектігін айтады. Сауалнама 26-29 тамыз аралығында 18 жастан жоғары азаматтар арасында Федерацияның 48 елдімекенінде 1600 адамға жүргізілген.
Қатысушылардың 7%-ы ғана ұлт тілі мен әдебиетке, сонымен қатар жыныстық тәрбие беруге көңіл бөлу керектігін жеткізген.
ummet.kz-ақпарат