Тәкаппарлықтың емі

Ғибратнама
Жарнама

Халифа хазіреті Омар бір күні арқасына үлкен әрі ауыр, кір қапты арқалап Мәдинаның ең үлкен көшелерімен әрең жүріп бара жатады. Оны көрген ұлы Абдуллаһ жүгіріп келіп:

– Әке, мұныңыз қалай? Халиф деген атыңыз бар, қапты көтеретін адам таппадыңыз ба? - дейді. Сол кезде әділетті халиф Омар (р.а.):

 

– Балам, қапты көтеретін адам таппай қалғанымнан емес. Бір мезетке нәпсімнің тәкәппарлығы бой беріп, өзін өзгеден жоғары көргенін сезіп қалдым, соны қайта жерге түсіру үшін осылай істеуім керек болды, - дейді.

Бөлісу: