Әһли сүннет ақидасында болу үшін мына жайттарға мән беру керек:
1. Алла Тағаланың сипаттары бар, олар затынан бөлек.
2. Иман артып-кемiмейдi.
3. Үлкен күнә iстеумен иман кетпейдi.
4. Ғайыпқа иман шарт.
5. Иман тақырыбында қияс болмайды.
6. Алла Тағала жәннатта көрiнедi.
7. Тәуеккел ету иманның шарты.
8. Ғибадаттар иманның бiр бөлiгi емес.
9. Тағдырға иман, иманның шарты.
10. Амалда төрт мазһабтың бiрiнде болу шарт.
11. Сахабаларды, әһли бәйттi (пайғамбар ұрпағын) және хазреті Пайғамбарымыздың әйелдерiнің барлығын құрмет тұту шарт.
12. Төрт халифаның дәрежелерi, халифалық кезегiне байланысты.
13. Намаз, ораза, садақа сияқты нәпіл ғибадаттардың сауабын басқаларға бағыштау жаиз.
14. Миғраждың - рух және денемен болғанына сену.
15. Әулиелердiң көрсеткен кереметтерi хақ.
16. Шапағат хақ.
17. Мәсiнiң үстiне мәсһ ету жаиз.
18. Қабiрде сұрақ сұралады.
19. Қабiр азабы рухқа және денеге бірдей болады.
20. Адамдарды және олардың iс-әрекеттерiн Алла Тағала жаратады. Адамда ирадаи жүзийа деген қалау сипатының азғана бір мөлшері бар.
21. Ризық халалдан да, харамнан да болады.
22. Әулие кiсiлердiң рухтарымен тавассул етiледi және олардың құрметіне деп дұға етiледi.
материал «Намаз кітабы» кітабынан алынды,
ummet.kz