«Зияткер имам» тұжырымдамасы бекітілді (ФОТО)

«Зияткер имам» тұжырымдамасы бекітілді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

10 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін елордада өткен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында «Зияткер имам» тұжырымдамасы бекітілді.

Форумда аталған құжатты жан-жақты таныстырып, баяндама жасаған ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республика бойынша мешіттерде қызмет ететін имамдар арасынан білімі мен біліктілігіне, іскерлігі мен жауапкершілігіне сәйкес жоғары санатқа іріктеу үшін дін қызметкерлеріне қойылатын бірқатар талаптар мен ережелер қамтыған «Зияткер имам» құжатын әзірледі.

«Зияткер имам» тұжырымдамасы заман талабына сай зияткер имам деген мәртебеге лайықты дін қызметіндегі мамандарды іріктеу мен оларға мәртебе беруді көздейді. Сонымен қатар мешіттерде қызмет жасайтын имам-ұстаздардың жасампаз, діни мәселелерді үйлестіруді шебер меңгерген білімді, білікті, үлгілі, іскер, діни ағартушы маман болуын мақсат етеді» деп атап өтті.

ziyat1

ziyat2

 

Бөлісу: