Бірлігі жарасқан жамағатқа ас берілді

Мешіт тынысы
Жарнама

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бүгін Оңтүстік өңіріне жасаған сапарында халықпен кездесу сәтінде Наурыз мерекесін тоғыз күн атап өту жайлы жылы пікірін айтып, оңтүстіктердің игі бастамасына қолдау білдірген еді.

 

Орайлы бастамаға орай ҚМДБ-ның Астана қаласындағы өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешітінде Елорда жұртшылығына арналып дастархан жайылды. Көктемнің көркіне әр беріп, көңіл сарайына шуақты нұрын шашатын мерекелік отырыста мұсылман жамағаты емен-жарқын дидарласып, ақ дастарханнан дәм татты. «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамдары Төлеби Оспан, Жандос Айтбайұлы қайырлы кеште жамағатқа дін мен дәстүрді сабақтаған уағыз жүргізді. Дін қызметкерлері елдің ертеңі, бұқараның берекелі тіршілігі бірлік пен ынтымақта екенін баса айтып, мұсылман жамағатын бір шаңырақтың түтінін түзу түтетуге, бірлігі жарасқан елдің жамағаты болуға үндеді. Хақ Исламның көкжиегін кеңейтіп, имандылыққа үндеуден жалықпайтын имамдар көктемнің мерейлі мерекесінде де бұқараның басын қосып, дәстүрлі дастарханын жайып, көп тілегіне, ағайынның алғысына ие болды.

 

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі 

 

 

Бөлісу: