«Әл-Фараби»: Алғашқы тарауық намазы оқылып, Құран Хатым басталды (фото)

«Әл-Фараби»: Алғашқы тарауық намазы оқылып, Құран Хатым басталды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде алғашқы тарауық намазы оқылып, Құран Хатым басталды.

Аталған игі шараға, мешіт ақсақалдары, мешіт имамдары мен мыңдаған елордалық мұсылман жамағаты қатысты.

Жаңа айдың тууына байланысты айтізбесі бойынша қасиетті Рамазан айы кіріп, ел мешіттерінде 20 рәкәғаттан тұратын тарауық намазы оқыла басталды. Осы үрдіс ай бойы жалғасады.

Жалпы «тарауық» сөзі қазақ тілінде «демалу», «тынығу» деген мағыналады береді. Бұлай аталатын себебі, тарауық намазында әр төрт рәкәғатынан кейін жамағат бір сәт аяқ жазып, тасбих айтылып тынығады. Әбу Ханифа мазһабы бойынша 20 рәкәғат оқылады.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазанов жиналған жамағатты Рамазан айымен құттықтап, Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы баяндап, мешіт жамағатын Рамазан айында атқарылар игілікті іс-шаралардан қағыс қалмауға шақырды.

Сонымен бірге, ай бойы тарауық намазында Хатым жасайтын қариларды көпшілікке таныстырды. «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде бір ай бойы үш бірдей білікті қари Құран Хатым оқиды.

Атап айтқанда, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстазы, білікті қари Нұриддин Абдусамадұлы, 2001-2004 жылдары Шымкент қаласы «Да аль-арқам» Құран жаттау орталығында 30 пара Құранды толық жаттаған. 18 жылдан бері хатым етуде.

Екінші қари Мұрат Дайрабайұлы, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстазы. 1995-1998 жылдары Стамбул қаласында Құранды толық жаттаған. 12 жылдан бері Рамазан айында хатым өтуде.

Үшінші қари Mahmoud Mohamed Hasan, Хусамуддин ас-Сығанақи Ислам институтының шариғат және араб тілі пәндерінің ұстазы, дінтану докторы.  17 жылдан бері ұстаздық қызметін атқаруда әрі 17 жылдан бері Рамазан айында хатым өтуде.

Аты аталған қарилар тарауық намазында Құранды бастан-аяқ оқып, Хатым жасайтын болады.

Айта кетейік, елорда әкімшілігінің қолдауымен жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан үрдіс бойынша биыл да тегін автобустар шығарылып, мешітке келген жамағаттың үйіне қайтуына мүмкіндік жасалды. Алла Тағала қылған құлшылықтарыңызды, ұстаған оразаларыңызды қабыл етсін!

8968cc25 dd0b 4173 abfe f43e0e8a511d

3575e21a a9ac 4543 b908 ab61817e0655

ummet.kz

Бөлісу: