«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіндегі Ораза айт мерекесінің жалғасы ұлттың рухын көтерер дәстүрлі спорттық шараларға ұласты.
Халқымыздың қанына сіңген ұлттық ойындарды жаңғырту мақсатында жиылған жамағат арасында «Арқан тарту», «Қол күресі», «Кір тасын көтеру» бойынша мерекелік сайыс өтті.
Айт намазына келген елордалық жұртшылық ұлттық спорт сайысына дән риза болып, әрбір аталымға белсене қатысып, Ораза айт мерекесінің мерейін асырды. Мерекелік сайыс нәтижесінде жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар мешіт атынан айрнайы әзірленген бағалы сый-сияпаттармен марапатталды.
ummet.kz
Бөлісу: