«Әл-Фараби»: Бас мүфти мешіт жамағатына жұма уағызын жүргізді (фото)

«Әл-Фараби»: Бас мүфти мешіт жамағатына жұма уағызын жүргізді (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін, қасиетті жұма күні «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұма уағызын жүргізіп, мешіт жамағатымен жүздесті.

Еліміздің барлық мешіттері үшін бекітілген кесте бойынша осы жұма уағызы «Қасиетті Құранға құрмет көрсету» тақырыбына арналған болатын.

Аталмыш тақырып бойынша ой өрбіткен Бас мүфти әр адам Алла Тағаланың кәләмін қастерлеп, қасиетті Құранға үлкен құрмет көрсетуі керек екенін, Құранға құрмет көрсету бірнеше ізгі амалдар арқылы жүзеге асатыны жайлы көркем уағыз айтты.  

Құранды ықыласпен оқу, Құран аяттары жөнінде ойлану, Құранға махаббат қою, Құран аяттарын оқып, естігенде жүректің ләззатқа бөленуі, Құран аяттарын іске асыру – Алла Тағаланың кітабына деген құрметтің көріністерінен екенін атап өтті.

Құранға құрмет көрсетуге арналған аяттар мен хадистерден көркем мысал келтіре баяндаған Бас мүфти уағызы жамағат үшін тың ақпараттарға толы болды. Сондай-ақ, Құран негіздері пенденің «толық адам» шыңына қарай қанат бітіріп, нәпсінің тізгінін тартып, рухтың асқақ сезімдерін қанағаттандыруға тигізетін зор ықпалы жайлы мешіт жамағатына жан-жақты мағлұмат берілді.

Уағыз, насихат соңында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміз бен жеріміздің тыныштығын тілеп, жамағатпен бірге дұға жасады.

270123 JumaUagyzy 1

270123 JumaUagyzy 2

270123 JumaUagyzy 3

270123 JumaUagyzy 4

270123 JumaUagyzy 5

270123 JumaUagyzy 6

270123 JumaUagyzy 7

ummet.kz

Бөлісу: