Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұйымдастыруымен, мешіт жанынан құрылған «Жібек» қыз-келіншектер клубының атсалысуымен «Жібек жіп» тігін курсы ашылды. Тігін курсын арнайы келіп, ашып берген мешіттің бас имамы Нұрлан Рамазанов ізгі тілектерін жолдап, тігін шеберханасының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Ілгерідегі Пайғамбарлардың бәрі де бір-бір кәсіп меңгерген еді. Дәуіт пайғамбар темір ұстасы болса, Нұх пен Зәкәрия пайғамбар – ағаш ұстасы, Адам мен Айюб пайғамбар – диқан, Ыдырыс пайғамбар – тігін шебері болған. Осылайша пайғамбарлар да бір кәсіптің құлағын ұстап, адал ырзық тапқан болатын. Осы ізгі дәстүрді жалғау мақсатында мешіт жанынан ашылған тігін курсында қыз-келіншек шәкірттеріміз тігіншілікті кәсіби, білікті мамандардан үйреніп, арнайы тігін сабақтарын өтетін болады.
Тігінші мамандығында белгілі бір жетістікке жету үшін тігіншінің шығармашылық біліктілігімен қатар, жұмысында табысты болу үшін теориялық бастапқы білімі болу керек. Алдағы уақытта «Жібек жіп» тігін курсы екі ауысым бойынша 10 шәкірт қыз-келіншектерге сабақ өтуді жоспарлап отыр.
ummet.kz
«Әл-Фараби» мешіті: «Жібек жіп» тігін курсы ашылды (фото)
Жарнама
Бөлісу: