Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы мен жамағаты бірлесіп 300 мұқтаж отбасына бір айлық азық-түлік қорабын үлестірді.
Рамазан айының соңғы күнінде, Ораза айт мейрамының қарсаңында жасалынған қайырымдылық шарасы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасып келеді. «Адамдардың ең қайырлысы өзгеге пайдасы тигені» деп хадисте айтылғандай, Бас имам Нұрлан Рамазанов осы шараның жүзеге асуына атсалысып, көмек қолын созған мешіт жамағатына алғысын айтты.
Қайырлы істің жылулығын сезініп, қуанышқа бөленген отбасылар мешіт ұжымы мен жамағатына, атсалысқан азаматтарға ризашылықтарын білдірді.
ummet.kz
Бөлісу: