Ханафи мәзһабы бойынша төмендегі талаптарға сай әр адамға құрбандық шалуы уәжіп:
Мұсылман болуы керек;
Тұрғылықты (жолаушы болмау);
Ақыл-есі дұрыс;
Балиғатқа толған;
Бақуатты.
Ал, шариғатта тұрмысы төмен кісілерге құрбандық шалу міндеттелмейді. Қарызданып-қауғаланып болса да, құрбандық шалсын деген үкім жоқ. Дегенмен, сауап үшін қарызға ақша алып оған құрбандық шалатын болсаңыз, оның еш ағаттығы болмайды.
дереккөз: muftyat.kz
Бөлісу: