Зәйтун – қасиетті жеміс.

Дін және ғылым
Жарнама

Зәйтүн – Құран Кәрімде аты аталған қасиетті жеміс. Алла Тағала «Тин» сүресінде онымен ант етіп:

«Інжірге және зәйтүнге серт! Синай тауына серт! Сондай-ақ осынау тыныш, бейбіт шахарға серт! Шүбәсіз, біз адам баласын ең көркем, ең керемет бейнеде жараттық» (Тин 1-4) деген. Жалпы зәйтүн  мен оның ағашы туралы Құранның жеті жерінде зікір етіледі.

 

Сондай ақ Пайғамбарымыз да (с.а.с)  зәйтүн майының маңыздылығын «[Зәйтүннің] майын қорек қылыңыз әрі денеңізге жағыңыз себебі ол киелі ағаштан» деген сынды хадистерінде атап өткен. (Ахмад, Тирмизи)

Зәйтүнның алғаш шыққан жері

Бұл жөнінде көзқарастар сан түрлі. Кейінгі зерттеушілердің айтуынша зәйтүн ағашының төркіні Палестина жеріне қайтады. Сол жерден солтүстікте Сирия, Туркия, Иран елдеріне барса, кейіннен сауда жолымен оңтүстікке де Испания, Италия елдеріне барған. Финикийлер зәйтүн ағашына ден қойып оны өсіріп, Жерорта теңізі маңындағы елдерге шығарумен айналысады. Сол сияқты ол іспен мұсылмандар да айналысып, солтүстік Африка, Испания, Португалия елдерінде де өсіре бастайды.  Сол үшін әлемдегі зәйтун ағашының 98% осы жерорта теңізінің аумағында өседі. Ал бүкіл әлемдегі зәйтүн ағашының саны шамамен 850 милн. түп. Ал жаһандық зәйтүн өндірісі жылына 11,5 млн. тонна деңгейінде бағаланады.

Зәйтүн ағашы мәңгілік жасыл, жапырақтары сабақ бойымен тарқатыла  орналасқан. Сахараның құмды жоталарында, алқаптарда, жазықтықтар мен шөл далаларда өседі, тамырын тереңге жаймайды. Игерілген шөлді жерлердегі ең маңызды ағаштардың бірі. Ол ыстыққа да суыққа да төзімділігімен, құрғақ және соры шыққан жерлерде де өсе алатындығымен ерекшеленеді.

Ғылыми кереметтері мен құрамы

Қасиетті Құран зәйтүн ағашы мен оның майының маңыздылығын бірнеше аятта айтып, «мубарак» (берекелі пайдасы мол) деп сипаттайды. Сондықтан Пайғамбарымыз (оған Аллатың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына және барлық мұсылмандарға зәйтүн майын тіршіліктерінде тұтынуларын бұйырады. Заманауи ғылым зәйтүн майының көптеген пайдаларының көзін ашып отыр. Бұл мақалада біз зәйтүн майына арналған зерттеулердің кейбір нәтижелерін талқылап, зәтүннің бойындағы Құранның сілтеме жасаған ақиқаттарына тоқталамыз.

Зәйтүн майының басқа майлардан ерекшелелігі, оның құрамында қанықпаған және моно-қанықпаған май қышқылдары бар. 1997 жылы американдық жазушы Андрейвел өзінің «Денсаулыққа 8 апта» атты кітабында халықтың тұтынып жүрген майларының барлық түрлері, әсіресе қырық жастан кейін, зәйтүн майымен алмастырылуы тиіс екенін айтады. Ол зәйтүн майының маңыздылығын айтып былай дейді: «Зәйтүн майы дененің артық майын ерітіп, бауырдың саулығын нығайтуға көмектеседі, май басқан бауырды емдеуге көмектеседі және бауыр қызметінің белсенділігін арттырады».

Кітапта айтылған тағы бір нәрсе дәріханалардағы бауырдың пациенттері үшін ұсынылатын «Essentialе fortе» деп аталатын дәрілік заттың, негізі құрамы зәйтүн майының жоғары пайызынан тұрады екен. Және осы май, негізінде бауырдың функциясын жақсартады, әсіресе ол антиоксидант болғандықтан, бауырдың детоксикация қабілетін арттырады.

Зәйтүн майы қатерлі ісіктен қорғайды

Асқазан-ішек ауруларына арналған GAT журналы Испанияда жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде тағам дайындау үшін зәйтүн майын пайдалану ішек ісігінің алдын алатындығы анықталғанын мәлімдейді. Эксперимент жүргізген медициналық топ, зәйтүн майының профилактикалық артықшылықтары да бар екендігін айтып отыр. Зерттеу бірнеше зертханалық тышқандарға жүргізіледі, оларды үш топқа бөліп, бірінші топты зәйтүн майына бай тамақтармен, екіншісін балық майымен, ал үшінші топтағы тышқандарды сафлора және шафран майы бар тамақтармен қоректендіреді. Содан кейін зерттеушілер әр топтағы тышқандарға рак ауруы тудыратын заттарды бере бастайды. Осылайша төрт айға созылған эксперимент нәтижесінде, олар қоректеріне зәйтүн майы қосылып келген тышқандардың рак ісіктеріне бой алдыру көрсеткішінің анағұрлым төмен екенін анықтайды.

«Зерттеудің бұл көрсеткіші бес пайыз зәйтүн майынан тұратын тағамдар сафлора майымен салыстырғанда қатерлі ісікке қарсы төтеп беруде белсендірек», - деді топ жетекшісі профессор Мигель Гасоль.

Ғылыми топ зәйтүн майының рөлін «(простагландин - E)-мен біріккен кезде қатерлі ісікке жасушаларды индукциялайтын «Аркандон» деп аталатын заттың пайда болуына зәйтүн кедергі келтіреді»,- деп түсіндіреді.

Британдық ғалымдар тек Ұлыбританияда жылына шамамен 20 мың адамды өлтіретін ішек ісігін емдеуде зәйтүн майының қорғау артықшылықтарын көрсететін жаңа дәлелдерді тапты. Оксфорд университетінің зерттеушілері зәйтүн майының ішекте ішек қышқылымен әрекеттесіп және сол арқылы ішектің және тік ішектің ісігін алдын алатынын анықтады. Айта кететін жайт: ішек қатерлі ісігі – бұл Ұлыбританиядағы өкпенің қатерлі ісігінен кейінгі ең көп кездесетін қатерлі ісік ауруларының бірі, және бұны тек алғашқы уақытында анықталған жағдайда ғана емдеуге болады.

Ішек қатерлі ісігінің ауруына байланысты Зерттеулер бүкіл әлем бойынша 28 мемлекетте жасалды. Оның ішінде Еуропада, сондай-ақ Құрама Штаттарда, Бразилияда, Колумбияда, Канадада және Қытайда болды. Зерттеу барысында адамның бұл ауруға шалдығуында ішіп-жемінің маңызды рөл атқаратынын және негізгі қорек ретінде көкөністер мен астықты қолданатын адамдарға қарағанда көп мөлшерде ет пен балықты пайдаланатын адамдардың аталмыш ауруға шалдығу ықтималдылығы жоғары екендігі анықталды. Ғалымдар сондай-ақ, ас мәзірінде зәйтүн майына пайдалану ішектің қатерлі ісігінің қаупін төмендететінін анықтады.

Зәйтүн майы тері қатерлі ісігінен қорғайды

Жапондық ғалымдар теріні күн сәулесінің әсерінен кейін сапалы зәйтүн майымен сүртсе, бұл тері қатерлі ісігінің пайда болу қаупін азайтады дейді. Жаңа әдіс генетикалық модификацияланған қылсыз егеуқұйрықтарға тәжрибеленіп сәтті аяқталады. Кобс университетінің медицина бөлімінің докторы Масамамицу Эхиххими бастаған зерттеушілер егеуқұйрықтарды аптасына үш рет күн сәулесінің астында қалдырды. Күннің астында бес минут қалғаннан кейін оларды үш топқа бөледі. Кейін бірінші топтағыларды қалыпты зәйтүн майымен, және екіншілерін жоғары сапалы зәйтүн майымен сылайды. Ал үшінші топтағы егеуқұйрықтарға ештеңе жақпайды. Осылайша он сегіз апта өткен соң, зәйтүн жағылмаған егеуқұйрықтарда қатерлі ісік көріне бастайды, ал қалыпты зәйтүн майымен сыланғандары біршама жақсы болады. Ал жоғары сапалы зәйтүн майы жағылған егеуқұйрықтар болса, олардан тері рагы тек 24 аптадан кейін ғана көріне бастайды. Егеуқұйрықтардың бұл соңғы  тобында пайда болған ісіктер, көлемі жағынан аз және терідегі ДНҚ қосылыстарына да зарар өте аз келген. Зәйтүн майы ультракүлгін сәулеленудің зиянды әсерлерін сіңіретін антиоксиданттарға бай және дәл сол уақытта ол ультракүлгін сәулелердің теріге енуіне кедергі келтірмейді деп білінген.

Зәйтүн майының басқа да артықшылықтары:

Танымал Martendell фармацевтикалық білім департаментінің айтуынша, зәйтүн майы өзінің жұмсартқыш қасиетімен іш қатудың алдын алады.  Сондай ақ ол экзема мен псориазадан туындаған тері қабыршықтарын ылғалдандыру мақсатында да қолданылады.

«[Зәйтүннің] майын қорек қылыңыз әрі денеңізге жағыңыз себебі ол киелі ағаштан»,- деп Пайғамбырымыз (с.а.с) осындай пайдалары үшін айтса керек.

Зәйтүн майы .. Өлім көрсеткіші

1999 жылғы 20 желтоқсанда танымал Ланцет журналы жарияланған зерттеулер нәтижесі Еуропаның ең кедей елінде, атап айтқанда Албанияда өлім-жітім көрсеткіші басқалармен салыстырғанда едәуір төмен екенін көрсетті, Албаниядағы ер адамдар жылдық өлім көрсеткіші әр 100 000 адамнан 41 ғана екен. Бұл Ұлыбританияның көрсеткішінің жартысы ғана. Зерттеушілер бұл жағдайды албандардың азық-түлік стилімен, яғни, ет сүт өнімдерінің жетіспеушілігімен және жеміс, көкөністердің, крахмалдар мен зәйтүн майының көп мөлшерде тұтынылуымен ұштастырған.

Зәйтүн майы және жүрек ауруы

Италияның Неаполь қаласындағы доктор Алдо Феррара қан қысымы (165/104мм.рт.ст.)-тен жоғары болған гипертониямен ауырып, дәрі қабылдап жүрген 23 науқасқа зерттеу жұмысын жүргізеді. Пациенттерді екі топқа бөледі де бірінші жартысын  зәйтүн майына бай тағамдармен диетада ұстап, екіншісі жартысына кәдімгі күнбағыс майынан жасалған тағамдарды береді. Алты айдан кейін топтар арасындағы тамақ өнімдері тағы бір алты айға ауыстырылды. Тағамдарына зәйтүн майы қосылғандардың қан қысымында 7 дәрежеге төмендеу байқалады, жеңіл гипертензиямен ауыратын 8 науқас зерттеу барысында айығып кейін емдеуге мұқтаж болмайды, ал екінші топтікі өзгеріссіз қалады. Айта кететін нәрсе аталмыш ауруларға шалдыққан адамдар тек зәйтүн майымен шектелуіне болмайды, міндетті түрде дәрігерінің айтқанын бұлжытпай орындауы керек.

Ummet.kz

 

Бөлісу: