01
Жұма,
Қараша

һижри

Абайдың «Қара сөздері» және хадис

XX ғасырдың басындағы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Абай Құнанбаев шығармаларында да хадис пен сүннеттің орны айрықша.

«Азан шақырып ат қою» дәстүрі

Халқымызда жарық дүние есігін шыр етіп ашқан сәбиге есім беру рәсіміне қатысты өзіндік дәстүрі мен салт-жоралғысы бар. Мәселен, азан шақырып, ат қояр кезде кішкене сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен азамат болсын деген ниетпен ырым етіп, сәбидің ата- анасы жасы үлкен, сыйлы адамға қолқа салады.

Айтыстағы хадис пен сүннет

Халық ауыз әдебиетінің маңызды бір саласы – айтыс. Сөз өнерін қадірлейтін халқымыз оны сүйіп тыңдап, айтыскерлерге үйінің төрінен орын берген. Міне, осындай қастерлі өнер туындысы – айтыс арқылы да ата-бабамыз халыққа дінді насихаттауды ұмытпаған.

Халқымыздың Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сүйіспеншілігінің өлең-жырлардағы көрінісі

Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) баға жетпес ахлақы, жібектей жұмсақ, сүттей ақ, судай мөлдір мінез-құлқы, таудай заңғар данышпандығы мен теңіздей терең ақылдылығы он төрт ғасыр бойы үмбетін өзіне тәнті етіп келеді. Оның сәт сайын саны артқан үмбеті Оның өнегелі өмір жолын, мінез-құлқын «қасиетті сүннет» деп ұстануда. Оның жақсылыққа бастайтын темірқазық іспеттес әрбір сүннетін ұстану арқылы Оған деген сүйіспеншіліктерін іс жүзінде дәлелдеуде.

Қонақжайлылық – асыл дінімізбен астасқан қазақы қасиет

Қонақжайлылық қазақтардың ежелгі қасиеті. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайлылық қасиетімен таңғал- дырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет. Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады.»

Көршіңіздің сіздегі ақысынан хабарыңыз бар ма?

Ел аузында «Алыстағы туысыңнан қасыңдағы көршің артық» деген нақыл сақталған. Расымен де, басқа іс түскенде жырақтағы ағайыннан гөрі жәрдем беруге жүгіретін де, қайғы мен қуанышыңызды алдымен бөлісетін де жанашыр көрші. Сондықтан да оның орны ерекше. Халқымыз «Көршіні ешкім таңдамайды, Құдай қосады» деп, қоңсыны Жаратушының Өзі белгілейтіндігіне сенген.

Ахмет Йасауи және «Хикметтер»Ахмет Йасауи және «Хикметтер»

 Қазақ халқының жүрегінде пайғамбарға деген сүйіспеншіліктің бүр жаруына атсалысқан ғұламалардың бірі – Ахмет Йасауи бабамыз.

Ахмет Иүгінеки және «Ақиқат сыйы»

XІІ ғасырда түркі халықтарының рухани мәдениетінің қазығы болған Түркістан маңында Иүгінек деген қыстақта дүниеге келген Ахмет Иүгінеки - араб, парсы тілін игерген, өз кезінің білімді адамы саналған. Ата-бабадан қалған қазынаға «Атабетул-хақайық», яғни «Ақиқат сыйы» атты гауһардай шығармасымен өз үлесін қосқан ақын дастанының өн бойында мұсылмандықтың асыл қасиеттерін халыққа уағыздайды.

Құтты білік және хадис

Қазақ халқының діни өмірінде хадис пен сүннеттің атқарған рөлін анықтау үшін халықтың Ислам дінін қабылдаған кезінен бастап, тәуелсіздік алғанға дейінгі уақыт аралығын үш кезеңге бөлдік: 1) Қазақ хандығына дейінгі кезең (қазақ даласына Ислам діні келгеннен бастап, қазақ хандығы құрылғанға дейінгі кезең); 2) Қазақ хандығы тұсыңдағы кезең (XV ғасырдан бастап XX ғасырға дейінгі кезең); 3) Кеңес өкіметі кезеңі.

Қазақ дәстүрінде жүкті келіншектерге қатысты ырым-тыйымдар, салт-ғұрыптар аз емес. Аяғы ауыр келінге көзі қарақты енелер ерекше күтім жасаған, үлгі-өнеге көрсеткен.